Президент 2024 жылғы 25 сәуірде Қазақстан халқы Ассамблеясының «Бірлік. Жасампаздық. Өрлеу» құрылтайында билік халықтың тыныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін шаралар қабылдайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қоғамда алауыздық тудыратын кез келген әрекетке қатаң тосқауыл қою қажет. Азаматтарымыздың бізге қатысы жоқ ақпарат майданына араласып, өшпенділікті насихаттауы еліміздегі тұрақтылыққа және қоғамдық келісімге зор қатер төндіреді. Әрқайсымыз азаматтардың құқығы тең және еркін болуын қамтамасыз ететін Ата Заңымыздың әрбір сөзін бұлжытпай ұстануымыз қажет. Заң мен тәртіптің әрдайым және барлық жерде сақталуы, заң үстемдігінің сөзбен де, іспен де орнығуы маңызды.», — деді мемлекет басшысы.
Бқдан бөлек, заң мен тәртіптің әрдайым және барлық жерде сақталуы, заң үстемдігінің сөзбен де, іспен де орнығуы маңызды екенін айтты.
«Біздің міндетіміз – қоғамда өзара құрмет пен сенімді нығайта түсу. Сондай-ақ діни, аймақтық немесе әлеуметтік-экономикалық алшақтықты болдырмау үшін баршаға ортақ жаңа қағидаттар мен ұстанымдар ойластыру. Ассамблеяның осы күрделі мәселеге байланысты атқарып жатқан қызметі айрықша маңызды», — деп түйіндеді Тоқаев.
Сонымен қатар, президент Қазақстан азаматтығынан шығуға ниет білдіргендер туралы айтты.
Сурет: akorda.kz
По сообщению сайта Arna Press