Абай облысында республикалық оқу-жаттығу өтті

Дата: 16 мая 2024 в 20:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Елімізде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

15-16 мамыр аралығында барлық өңірлерде «Өрт-2024» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтті. Республикалық штаб Абай облысының «Семей Орманы МОТР» РММ Бородулиха филиалының аумағында орналасты. Жиынның бірінші күні теориялық бағытта өтті, екінші күні шартты түрде өртенген орман өртін сөндірді.

«Жаттығу жоспарына сәйкес, резерваттың орман алқабында өрт болды, ол қатты екпінді желдің салдарынан қысқа мерзімде орманның жоғарғы жағын шарпып, елді мекендерге қауіп төндірді. Алға қойылған тапсырма орындалып, өрт сөндірілді», — деп айтты ТЖ министрлігі өртке қарсы қызмет комитеті өрт сөндіру басқармасының бастығы Арман Құсаинов.

Жалпы оқу-жаттығуға жеке құрамнан 400-ден астам адам, 80 арнайы техника, оның ішінде төрт тікұшақ пен өрт сөндіру пойызы болды.

Сценарий бойынша төрт өрт ошағы болды. 

Шартты түрде зардап шеккендер болды. Оларға Апаттар медицинасының қызметкерлері көмекке келді. 

 Шартты өртті сөндіруге төрт тікұшақ жұмылдырылды. 

ТЖ министрлігі жаңа замануи дрон алды. Жоғарыда көрсетілген ұшу қондырғысы әлемдегі соңғы үлгілердің бірі. Оның бағасы шамамен 80 млн теңгеге бағаланады. 

Махаббат РИЗА 

Суреттер автордікі

По сообщению сайта Arna Press