Мемлекет басшысы Беларусь Республикасындағы елшіні ауыстырды

Дата: 04 июня 2024 в 14:58

Тоқаев еліміздің Беларусь Республикасындағы елшісін ауыстырды. Жаңа қызметке Тимур Жақсылықов отырды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Бұл туралы 4 маусымда Ақорда мәлімдеді.

«Мемлекет басшысының Жарлығымен Тимур Мекешұлы Жақсылықов Қазақстан Республикасының Беларусь Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі, ТМД Жарғылық органдарының жанындағы Тұрақты өкіл қызметін қоса атқарушы болып тағайындалды», — делінген хабарламада.

Сурет: akorda.kz

По сообщению сайта Arna Press