Бейбіт Жұқаев Ұлыбританияда негізгі жарысқа жолдама алды

Дата: 17 июня 2024 в 22:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бейбіт Жукаев Илкли (Ұлыбритания) челленджер турнирінің іріктеу сайыстарын сәтті өткізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Қазақстандық теннисші алдымен екі сағатқа жуық уақытқа созылған тартысты матчта әлемнің 177-ракеткасы, португалиялық Жайме Фарияны қапы қалдырды — 6:3, 6:7 (5:7), 6:1).

Бейбіт Жұқаев іріктеу сайыстарының финалында әлемнің 190-ракеткасы, бельгиялық Йорис Де Лорені айқын басымдылықпен ұтты – 6:3, 6:1.

Осылайша, Бейбіт жүлде қоры 148 625 еуроға бағаланған негізгі жарысқа жолдама алды.

Сурет: ktf.kz

По сообщению сайта Arna Press