Абай облысының оқушылары халықаралық инженерлік сайысқа қатысады

Дата: 26 июня 2024 в 16:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Астана қаласында халықаралық  «World Space Olympiad» ракета құрастыру бойынша сайыс өтеді, деп хабаралйды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы Білім басқармансының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Инженерлік сайыстың мақсаты — оқушылардың инженерлік интеллектуалдық потенциалын қалыптастыру, ғылыми-техникалық мамандықтарға баулу.

Сайыс екі категория бойынша өткізіледі: CanSat, Inventors. Абай облысынан екі команда екі категория бойынша іріктеу кезеңдерінен сәтті өтіп, финалға жолдама алды.

CanSat  категориясында қатысушылар алдымен ракет жобасын жасаса, қалған кезеңде 3 бөлікті құрастырады: ракета, серік (спутник) және жердегі басқару стансасы. Бұл категория бойынша финалға өткен Аягөз ауданы Қалалық көпбейінді қазақ мектеп-гимназия оқушылары «WALL-E» командасының мүшелері:  Бекнұр Айдарбек, Ақылжан Ерланұлы, Әділжан Ермұқашев.

Inventors  категориясында қатысушылар ғарыш технологияларын қолданып жаһандық мәселелерді шешуге бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларын жасап шығарады. Жобаны ғылыми көрмеде қорғайды. Бұл категория бойынша финалға өткен «ZeroWasteWarriors»  командасының мүшелері: Нұрсая Думан, Жанель Тоқанова, Шырай Тұсұпқан. 

Арнайы номинациялар жеңімпаздары мен иегерлері бағалы сыйлықтармен марапатталады және жетекші университеттерге гранттар табысталады, сондай-ақ жеке және мемлекеттік ғарыш компанияларында тағылымдамадан өту мүмкіндігіне ие болады.

Команда жетекшілері физика және информатика пәндері мұғалімі Меруерт Кунусова және биология пәні мұғілім Гульнур Мухамедярова.

Халықаралық сайыс 20-24 шілде аралығында Астана қаласы Назарбаев университетінде өтеді. Сайыс ұйымдастырушысы «Beyond Curriculum» қоғамдық қоры.  

Сурет: Абай облысы Білім басқармансының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press