Абай облысының Tengri командасы өнім шығынын айтарлықтай азайтудың әдісін ойлап тапты. Оқушылардың әзірлеген инновациялық Antsow құрылғысы мұндай шығындардың алдын алуға көмектеседі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық Білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
10 адамнан тұратын команда заманауи технологияларды, соның ішінде спутниктік мониторинг пен ерте ескерту жүйелерін пайдаланып, өнім шығынын болдырмауды ұсынып отыр. Мысалы, Австралия мен Калифорниядағы апатты өрттер ауыл шаруашылығы алқаптарының үлкен аумақтарын жойып, өнімнің 50%-ға дейін жоғалуына әкелді. Antsow температура 40 градустан асқанда сигнал беріп, өрттің болатынын алдын ала ескерте алады. Бұл өрт болған жағдайда жедел әрекет етуге және өнім шығынын азайтуға мүмкіндік береді.
Antsow-тың негізгі функцияларының бірі – су ресурстарын басқарудың тиімділігін арттыру. Құрылғы фермерлерге қашан және қанша суару керектігін нақты білуге мүмкіндік береді, жеткіліксіз және шамадан тыс суарудың да алдын алады. Әсіресе су ресурстары шектеулі аймақтарда пайдаланса, суды айтарлықтай үнемдеуге әкеледі.
Сонымен қатар мұндай құрылғыларды енгізу ауыл шаруашылығын дамытуға болады деп есептейді жас өнертапқыштар. Antsow-ды тиімді және өнімді жұмыс істей алатын «ақылды фермаларды» құруға пайдалануға болады. Команда болашақта құрылғыны басқаруды ыңғайлы ету мақсатында смартфондарға арналған қолданбаны әзірлеуді жоспарлап отыр.
«Antsow: құмырсқаларға ұқсас инновациялық технологиялар арқылы дақылдарды жоспарлау және басқару. Құмырсқалар экожүйелерде маңызды рөл атқарады және ауыл шаруашылығына пайдалы болуы мүмкін. Сондықтан біз жобамызды Antsow деп атадық»,-дейді команда жетекшісі Айдос Тұрсынбеков.
Antsow құрылғысын енгізу температура мен ылғалдылықты бақылау, деректер алу және өрт туралы ескерту функциялары арқылы ауыл шаруашылығын басқаруды айтарлықтай жақсарта алады. Бұл өнімділікті арттыруға, шығындарды азайтуға, ресурстарды үнемдеуге және азық-түлік қауіпсіздігін жақсартуға әкеледі. Мұндай құрылғылар болашақтағы тұрақты және жоғары тиімді ауыл шаруашылығына жасалған маңызды қадам болмақ деп есептейді оқушылар.
Айта кетейік, Тенгри командасы биыл сәуір айында құрылды. Бұл жобаны 9-12 тамыз аралығында href="https://aqparat.info/city/36870-almaty.html">Алматы қаласында өтетін First Global Challenge жарысына қатысуға дайындаған.
Сурет: Абай облысы Білім басқармасының баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press