Абай гарнизонында әскери міндеттілердің оқу жиыны басталды

Дата: 19 июля 2024 в 13:08 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Абай гарнизонының «Шығыс» оқу полигонында ағымдағы жылдың 18 шілдесі мен 16 тамыз аралығында әскери міндеттілердің оқу жиыны өтеді, —  деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі гарнизонының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Әскерилерді дайындау жоспарына сай ұйымдастырылып отырған жиынға бір мың бес жүзге жуық әскери міндеттілер қатысады деп күтілуде.

Әскери міндеттілер —  бұрын әскер қатарында болғанымен қазіргі таңда түрлі салада еңбек етіп жүрген азаматтар. Әскери жиынның басты мақсаты – Абай, Шығыс Қазақстан және href="https://aqparat.info/city/36003-pavlodar.html">Павлодар облыстарының əскери міндеттілерді даярлау жəне қайта даярлау бойынша арнайы жоғары сапалы оқу-жаттығуын өткізу.

Бүгінгі күні «Шығыс» оқу полигоны әскери міндеттілерді қабылдауға және оқу жиынын өткізуге толықтай дайын. Мұндағы әскери міндеттілер жатын орын, ішер ас, әскери киіммен қамтамасыз етілетін болады. Айта кетейік оқу-жаттығудан тыс, арнайы міндеттелген әскерилермен тәжірибелік сабақтар оқытылады.

Сурет: Абай өңірлік гарнизонының баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press