Пойыздарды тазалаумен айналысатын компанияға айыппұл салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Жолаушылардың тазалықтың жоқтығына және ҚТЖ вагондарын уақтылы жинамауына жиі шағымдануына байланысты масс-медиа өкілдерінің қатысуымен жеке тексеріс жүргізілген.
«Тексеру компанияның href="https://aqparat.info/city/36003-pavlodar.html">Павлодар, Астана, Қарағанды, Петропавл, Көкшетау, Қостанайжәне т.б. бағытында жүретін «Жолаушылар тасымалы» АҚ Солтүстік филиалы пойыздарында клинингтік қызметтер көрсету бойынша міндеттемелерінің орындалмағанын көрсетті. Заңбұзушылықтардың арасында тазалау сапасының төмендігі, сапаны бақылаудың болмауы, қызметкерлердің біліктілігінің жеткіліксіздігі, сондай-ақ құжаттарды бұрмалау бар», — делінген хабарламада.
Клинингтік компанияға айыппұл салынды. Анықталған заңбұзушылықтар жойылмаған жағдайда шартты бұзу туралы мәселе қаралады.
«Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» өңірлік филиалының директорына, директордың сервистік қызмет көрсету жөніндегі орынбасарына және өндірістік-техникалық оқыту жөніндегі нұсқаушысына пойыздарды тазалау сапасын бақылауға жауапты қатаң сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ «Северный» өңірлік филиалы учаскесі бастығының атқаратын лауазымына сәйкестігі қаралатын болады».
Сурет: Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press