Елімізде Ауғанстаннан жеткізілетін сусынға тыйым салынуы мүмкін

Дата: 16 августа 2024 в 12:58

Қазақстанда Ауғанстанда өндірілетін кейбір анар хош иісті газдалған сусындарға тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.

«Қазіргі уақытта Комитеттің аумақтық бөлімшелері кейіннен зертханалық сараптамамен анар қосылған газдалған сусындардың (Ауғанстан өндірген) түрлі атауындағы сауда объектілерінде бақылау сатып алуды жүргізіп жатыр», — деп хабарлады комитет Tengrinews.kz редакциясының ресми сауалына жауапта.

Бақылау сатып алу қорытындысы бойынша, сусынның құрамында бояғыштардың рұқсат етілген нормалары асып кеткен жағдайда, өнімді қайтарып алу және сатудан алып тастау түрінде жедел ден қою шаралары қабылданады.

Сондай-ақ, комитет биыл өнімнің санитарлық-эпидемиологиялық мониторингі аясында алкогольсіз сергітетін және алкогольсіз энергетикалық сусындардың 100-ден астам сынамасы тексерілгенін хабарлады. Олар Кеден одағының техникалық регламенттерінде белгіленген қауіпсіздік көрсеткіштеріне сәйкестігіне тексерілді. Зертханалық зерттеулердің қорытындысы бойынша бұзушылықтар анықталған жоқ.

Жалпы, былтыр және биылдың бірінші жартыжылдығында Қазақстанда алкогольсіз энергетикалық сусындарды сатуға тыйым салынбаған.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press