«Қазақстан Республикасының тіл туралы» заңында Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады делінген. Үкімет, өзге де мемлекеттік тілді барынша дамытуға, оның халықаралық беделін нығайтуға; қазақ диаспорасына ана тілін сақтауы және дамытуы үшін көмек көрсетуге міндетті делінген. Қазақ тілін оқыту жастайынан, бесіктен басталу керек. Көп ұлтты мемлекетте қазақ тілінің мемлекеттік тіл мәртебесіне сай қызмет етуін қамтамасыз ету — өте күрделі мәселе. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді меңгеруге елімізде өмір сүріп келе жатқан басқа ұлт өкілдерінің де құлшынысы күннен-күнге артып отыр. Бұны қазақ тіліне көрсетіліп отырған құрмет деп түсінуіміз керек. Көзі қарақты, оқыған-тоқығаны мол, өзінің ғана емес өзге ұлттың да қайғы-қасіретін ұғынытан рухы биік әрбір азамат қазақ тілінің тағдыры, қазақ халқының тағдыры екенін терең түсінуі керек.
Жамбыл облысы Әділет департаменті Сагиндикова Карлыгаш Мухитқызы
По сообщению сайта Магнолия