Бүгін қала күніне орай әртүрлі іс-шаралар ұйымдастырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қалалық әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Ертіс өзенінің оң жағалауында Семей қаласының кондитерлері бірлесіп қала күніне орай 20 метрден асатын тәтті торт әзірледі. Тортты кондитерлер қала тұрғындарымен бірлесіп безендірді.
Арбатта жас суретшілер арасында өткен «Семей. Тұлға. Тарих» атты байқаудың қорытындысы шығарылып, жеңімпаздарды марапаттау рәсімі өтті.
Байқаудың мақсаты – қаламыздың тарихына жас суретшілердің көзімен қарау және олардың өнері арқылы Семейдің тарихын насихаттау.
Әділқазылар алқасының шешімі бойынша «Семей. Тарих» аталымында:
1-орын: Амантаева Зарина – «Ескі Семей»
2-орын: Саятова Айгерім – «Графика триптих»
3-орын: Мелисова Шырын – «Еңлік – Кебек»
Ал «Тұлға» (портрет) аталымы бойынша:
1-орын: Қайырхан Мәди – «Көкбай»
2-орын: Кәрімова Ақерке – «Шәкәрім
Жеңімпаздар Семей қаласының әкімі Нұрбол Нұрсағатовтың қолынан дипломдар мен бағалы сыйлықтар алды.
Қала күні Семей қаласында орталығында ғана емес, қаланың шеткері аумақтарында да өз деңгейінде аталып өтілді. Атап айтқанда, Жоламан, Дальняя, Степной, Мирный, Юность, Шығыс кенті.
Қала күнін Семей қаласы бойынша 40 мектеп тойлады. Аталмыш шаралар барысында спорттық жарыстар, ұлттық көрмелер, концерттік бағдарлама мен патриоттық әндерден байқау ұйымдастырылды.
Сонымен қатар, «Әкем, шешем және мен» отбасылық спорт сайысы өтіп, жеңімпаз командаға бағалы сыйлықтар табыс етілді. Оқушылар «Менің сүйікті қалам» тақырыбында өткізілген интеллектуалды ойындарды ұйымдастырып, ұлттық биден жарыс өткізді.
Сурет: Семей қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press