Үздік ірімшік Семейде өндіріледі

Дата: вчера в 13:58 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Елімізде «Сheese open 2024» халықаралық ірімшік байқауы өтті. Оған Абай облысынан ірімшік жасау шебері Екатерина Паязитова қатысып, өнімі «Қазақстанның үздік ірімшігі» атағына ие болды деп, —  хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Байқау 2 кезең бойынша өтті.  Байқауға Лоран Дюбуа бастаған Халықаралық қазылар алқасының мүшелері баға беріп, ең үздік 10 ірімшік түрін таңдап алды. Жеңіске жеткен өнімдер алтын, күміс және қола медальдармен марапатталды.

Жарысқа Франциядан да қонақтар келді. Сондай-ақ, байқауға халықаралық ірімшік гильдиясының президенті Ролан Бартелеми, Халықаралық ірімшік өндірушілер гильдиясының мүшесі, Париждегі 4 ірімшік дүкенінің иесі Лоран Дюбуа және т.б. Екатерина Паязитова төрелік етті.

Жерлесіміз 2023 жылы да үлкен жетістікке қол жеткізген. Өткен жылдың қыркүйек айында Тур қаласында өткен «Le Mondial du fromage» халықаралық байқауына қатысқан Екатерина Паязитова ірімшік гильдиясының құрметті мүшесі болып, әлемдік деңгейде танылды. Бұл мәртебе ірімшік өндірушілер үшін жаңа көкжиек ашып, осы бағыттың танымал болуына ықпал етеді.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press