Павлодар облысында қосымша көмегімен такси болып жүрген азамат жазаға тартылды

Дата: 14 октября 2024 в 20:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Арнайы рұқсат беру құжатынсыз такси болып жұмыс істеген Ақсу қаласы тұрғының ісі сотқа жолданды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Такси» жедел-профилактикалық іс-шарасын өткізу кезінде Ақсу қаласының Камзин көшесінде полицейлер 45 жастағы жергілікті тұрғын тізгіндеген Toyota Camry маркалы автокөлік тоқтатылды.

«Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен айналысқаны, сондай-ақ тиісті тіркеусіз, рұқсатсыз немесе хабарлама жібермей іс-әрекеттерді (операцияларды) жүзеге асырғаны үшін ер адамға қатысты әкімшілік хаттама толтырылды, материал сотқа жіберілді», — дейді Ақсу қаласы ПБ бастығының бірінші орынбасары Айдар Сламбеков.

Мұндай жағдайда қылмыстық жаза қарастырылмаған, жеке тұлғаға 15 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл салу қарастырылған.

Сурет: ашық дереккөздерден

По сообщению сайта Arna Press