Патрульдеу барысында полиция қызметкерлері «Сергек» аппараттық-бағдарламалық кешенімен тіркелген бірнеше жол ережесін бұзушылықтар үшін төленбеген айыппұлдары бар көлікті анықтады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Toyota көлігінің иесі 1 миллион 583 мың теңге көлемінде 50 жол ережесін бұзу фактісін жинақтаған.
Рейдтік іс-шаралар нәтижесінде 30 жастағы облыс орталығының тұрғыны ұсталды.
Абай облысы полиция департаменті азаматтарды заң талаптарын сақтауға шақырады және жол қозғалысы ережелерін мүлтіксіз орындау барша қатысушылардың қауіпсіздігі үшін маңызды екенін ескертеді.
Сурет: pixabay.com
По сообщению сайта Arna Press