6 қарашада Астана мектептерінде сабақ қысқарады. Оған ауа райының қолайсыздығы себеп болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Елордалық білім басқармасының баспасөз қызметі мәліметінше, ауа райының нашарлауына, атап айтқанда, желдің жылдамдығы секундына 30 метрге дейін артуына байланысты оқушылар қараңғы түскенге дейін үйлеріне жіберіледі.
«6 қарашада ауа райының нашарлауына байланысты екінші ауысымның екінші сабағынан бастап сабақтар 30 минутқа дейін қысқартылады. Сынып жетекшілері ата-аналарға оқушылардың тек ересектермен бірге жіберілетіні туралы хабарлауы керек», — делінген хабарламада.
Сурет: pixabay.com
По сообщению сайта Arna Press