Семей тұрғыны жолдағы шұңқыр үшін әкімдікті сотқа берді

Дата: 05 декабря 2024 в 13:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Бұл туралы соттың баспасөз қызметі мәлімдеді.

Семей қалалық соты жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімін жолдағы шұңқырдан зардап шеккен көлік иесіне келтірілген зиянды өтеуге міндеттеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. 

Оқиға жолда пайда болған шұңқырға соқтығысу салдарынан орын алған. 9 сантиметрлік жол тегіссіздігі (шұңқыр) кәріз жүйесінің айналасында пайда болғаны анықталған.

ТКШ бөлімінің басшысына қатысты (ӘҚБтК 631-бабының 2-бөлігі) автомобиль жолдарын күтіп ұстау жөніндегі талаптарды орындамағаны үшін жауапқа тарту туралы қаулы (51 мың теңге айыппұл) жойылды.

Семей қалалық сот жолды күтіп ұстауға жауапты болып жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі екенін анықтап, оны 593 960 теңге шығынды өтеуге, сондай-ақ сот шығындарын төлеуге міндеттеді.

Қазақстан Республикасының «Автомобиль жолдары туралы» Заңының 19-бабы 2) тармағына сай Қазақстан Республикасының заң актiлерiне сәйкес автомобиль жолдарын пайдаланушыларға залалдың орнын толтыра отырып, жол жағдайларына байланысты туындаған жол-көлiк оқиғалары салдарынан келтiрiлген залал үшiн жол органы және автомобиль жолдарын басқарушылары жауапты болады.

Сот шешімі заңды күшіне енді.

Сурет: ЖИ көмегімен жасалған 

По сообщению сайта Arna Press