Қазақстанда 2025 жылы әйелдердің зейнеткерлік жасы өзгере ме

Дата: 06 декабря 2024 в 14:48 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

«Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры» АҚ (БЖЗҚ) 2025 жылы Қазақстанда зейнетақы жасының қалай өзгеретіні жайлы айтып берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

«Жауап қарапайым: 2025 жылы ол өзгеріссіз қалады. Ер адамдар 63 жаста, әйелдер 61 жаста зейнетке шығады. Әйелдердің зейнеткерлік жасы 2027 жылдың соңына дейін осы деңгейде болды».БЖЗҚ баспасөз қызметі

Бірақ қордың дерегінше, 2028 жылдан бастап зейнетақы реформасы аясында зейнетке шығу жасы біртіндеп ұлғаятын болады:

«Тек 2031 жылдан бастап әйелдер үшін бірыңғай зейнеткерлік жас ретінде – 63 жас белгіленеді».БЖЗҚ баспасөз қызметі

Бұған дейін БЖЗҚ 2025 жылға арналған Зейнетақы жинақтарын шешудің жеткіліктілік шегі туралы мәлімдеме жасады.

Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин

По сообщению сайта Arna Press