Синоптиктер бүгін, 15 қаңтарда Қазақстанның 13 өңірінде қолайсыз ауа райына байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Маңғыстау облысының батысында, солтүстігінде, орталығында көктайғақ. Түнде және таңертең облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде тұман.
Атырау облысының оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады. Облыстың батысында, шығысында тұман түседі.
Абай облысының батысында, оңтүстігінде, орталығында жаяу бұрқасын. Жел оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен соғады, облыстың батысында, оңтүстігінде, орталығында екпіні 25 м/с болады.
Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында тұман. Жел шығыстан, оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың шығысында, оңтүстік-шығысында секундына 15-20 метрге жетеді.
Жамбыл облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Солтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батыс желіне ауысады, облыстың оңтүстік-батысында, таулы аудандарында 15-20 м/с болады.
Батыс Қазақстан облысының батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ, тұман түседі.
Солтүстік Қазақстан облысында қар жауады. Түнде облыстың батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын, күндіз облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде бұрқасын. Түнде және таңертең облыстың солтүстік-шығысында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде екпіні секундына 15-20 метрге жетеді.
Қарағанды облысының солтүстігінде оңтүстік-шығыстан соғатын жел оңтүстік-батысқа ауысады, екпіні секундына 18 метрге жетеді.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде жаяу бұрқасын. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, шығысында екпіні 15-20 м/с болады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, орталығында кей уақыттарда тұман түседі.
Қызылорда облысының солтүстігінде, батысында көктайғақ.
Қостанай облысының батысында, солтүстігінде, шығысында бұрқасын. Облыстың оңтүстігінде, орталығында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні — 15-20 м/с,
Түркістан облысының оңтүстігінде, таулы аудандарында тұман түседі. Оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз тау асуларында күші — 15-20 м/с.
Сурет: Казгидромед
По сообщению сайта Arna Press