Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері генерал-майормен кездесті

Дата: 10 февраля 2025 в 12:38 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша

Абай облысында ҚАЖД қызметкерлері генерал-майормен кездесті

Абай облысында Ішкі істер министрінің кеңесшісі, милиция генерал-майоры Өмірзақ Болсамбеков Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің ардагерлері және жеке құрамымен кездесу өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шараға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы ІІМ Кадр саясаты департаментінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Есжан Арыстанов және Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы Ғалымжан Балтабаев қатысты.

Кездесудің басты мақсаты – ардагерлермен тәлімгерлік мәселелері бойынша белсенді өзара іс-қимыл жасау және олардың жас ұрпақты тәрбиелеудегі құнды тәжірибесін пайдалану. Өмірзақ Болсамбеков елімізде ІІМ ардагерлеріне тұрақты негізде қажетті қолдау көрсетіліп, материалдық және әлеуметтік көмек берілетінін атап өтті.

Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінде барлығы 549 ардагер бар, ең үлкені 90 жаста, ал ең жасы 36-да, – деп хабарлады Абай облысы бойынша тәлімгерлер кеңесінің төрағасы Мұратқазы Ахметжанов.

Департамент бастығы мен ардагерлер төрағасы өткізілген кездесу үшін кеңесшіге алғыс білдіріп, оған зор денсаулық тіледі.

Сурет: Абай облысы ҚАЖД баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press