Популярные темы

Жаппай тәртіпсіздіктер: Бас прокуратура оқиға хронологиясын айтты 15 января 2022, 21:38

Дата: 15 января 2022 в 21:53 Категория: Происшествия


Жаппай тәртіпсіздіктер: Бас прокуратура оқиға хронологиясын айтты
                15 января 2022, 21:38
Стоковые изображения от Depositphotos

Бас прокуратурасының қылмыстық қудалау қызметінің басшысы Серік Шалабаев Қазақстандағы тәртіпсіздіктердің хронологиясын айтты, — деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

Оның айтуынша, 1 қаңтарда Маңғыстау облысының Жаңаөзен қаласында сағат 17.20-да қала әкімдігінің жанында қала тұрғындары жиналған. 

«Сұйытылған газ бағасын төмендету талабымен ел басшылығының атына бейнеөтініш жазған соң сол күні сағат 18.00-де халық тарады. Құқық қорғау органдары қару қолданған жоқ. 2 қаңтарда Маңғыстау облысында сағат 11.00-ден бастап әкімдіктерге, автопарктерге, мешітке жақын жерде сұйытылған газ бағасын төмендету талабымен облыс тұрғындарының санкциясыз жиындары басталды. Күн ішінде наразылық білдірушілер саны жүздеген адамға жетті. Жаңаөзен қаласында акцияларға қатысушылар ішкі автожолдарды жапты. Құқық қорғау органдары қару қолданған жоқ», — деді Шалабаев ОКҚ брифингінде. 

3 қаңтарда Маңғыстау облысының тұрғындарын қолдау мақсатында еліміздің басқа жеті өңірінде бейбіт митингілер басталды. 

4 қаңтарда митингілер жалғасып, адамдардың санкциясыз жаппай жиналыстары байқалған өңірлер саны 11-ге жетті. Қатысушылар саны 38 мыңға дейін жетті. Алматы және Шымкент қалаларында қарулық шабуылдар, өртеу, оның ішінде, қызметтік автокөліктерді өртеу басталған. Алматыда «Алматы Арена» спорт кешенінде жанында жиналған бес мыңға жуық адам қала әкімдігінің ғимаратына барып, полиция қызметкерлерімен қақтығысты. 

«Салдарынан алты полиция автокөлігі өртенді. Ұлттық ұланның бес әскери қызметкері және 15 полиция қызметкері зардап шекті. Шымкент қаласында 21 полиция көлігі зақымдалды. Осы күннен бастап қызметкерлер мен әкімшілік ғимараттарға шабуылдарды тоқтату мақсатында құқық қорғау органдары адам өміріне қауіп келтірмейтін арнайы құралдарды пайдалана бастады», — деді Шалабаев. 

5 қаңтарда 11 аймақта ғимараттарды басып алу жалғасты. Қатысушылар саны 50 мыңға жетті. 5 қаңтарға қараған түні террористер Алматы әкімдігінің ғимараты мен Алматы халықаралық әуежайын басып алды. Сондай-ақ қылмыскерлер өрт сөндіру бөлімін, қалалық Полици департаментін, Әуезов және Жетісу аудандық полиция басқармаларын басып алуға әрекет жасады. Жеті қару-жарақ дүкеніне басып кірді.  

«ҰҚК шекара қызметінің екі Камаз автокөлігіне, Полиция департментінің екі қызметтік көлігіне, қала әкімдігінің, Nur Otan партиясының ғимаратына, төрт сауда орталығына, банк бөлімшелеріне өрт қойылды. Шабуылдарға қатысушылар саны 20 мыңнан асты. 

Қызылордада шабуылшылар тоғыз автокөлікті өртеді. Бір жауынгерді көлікпен қағып өлтірді. Белгісіз адамдар әскери қызметкерлерден автомат пен екі тапаншаны тартып алды. Талдықорғанда шабуылшылар әкімдік, полиция және ҰҚКД ғимараттарын басып алды. Қалада қарулы топтар жүрді», — деді Серік Шалабаев ОКҚ брифингінде.

Күш қолдану арқылы Ақтөбе, Атырау, Қызылорда, Маңғыстау және Жамбыл облыстарында әкімдіктер ғимараты басып алынды. Азаматтардың қауіпсіздігіне төнген қауіп-қатерге байланысты Президенттің тапсырмасымен ТЖ енгізіліп, коменданттық сағат жарияланды. 

6 қаңтарда Қауіпсіздік кеңесінің шешімімен елімізде антитеррористік операция өткізу жарияланды. Осы күннен бастап террористерді жою үшін қару қолданыла бастаған. ҰҚШҰ шешімімен бітімгершілік операция жүргізу үшін Қазақстанға ҰҚШҰ құрамының әскері жіберілді. Сол күні қылмыскерлер басып алған нысандар антитеррористік күшінің бақылауына алынды.

7 қаңтарда тәртіпсіздіктер бірнеше өңірде жалғасты. Сонымен қатар, Алматыда блокбекетерді атып, аурухананы басып алып, дүкендер тоналды. Тараз, Талдықорған қалаларында тергеу изоляторының ғимараттарына шабуыл жасалды.

8 қаңтарда елдегі жағдай біртіндеп тұрақтала бастады. Алматыда антитеррористік операция күшімен көшелер мен нысандарды тазалау басталды. Санкциясыз жиындар тоқтады. Террористік шабуылдардың себебін анықтау басталды. 

«Бүгінде барлық оқиға бір тізбек буыны екенін және террористердің әрекеті бір орталықтан басқарылған деп айтға болады», — деді Серік Шалабаев ОКҚ брифингінде.  

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Происшествия
Поделитесь новостью с друзьями