Стоковые изображения от Depositphotos
Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 12-сынып оқушысы Адина Жайлова Джонс Хопкинс университетіне (John Hopkins University) шақырту алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.
Адина Жайлова университетте биохимия мамандығы бойынша білім алуды жоспарлап отыр.
«Екінші курстың аяғына дейін нақты мамандықты таңдай аламын. Мен PhD дәрежесін алып, Қазақстан ғылымының дамуына үлес қосқым келеді», — деп жоспарларымен бөлісті қыз.
Джонс Хопкинс Университеті АҚШ-тың үздік он оқу орнының қатарына кіреді, QS университеттерінің әлемдік рейтингінде 24-ші орынды иелденген. Университетке түсу рейтингі 6,5 пайызды құрайды. Бұл дегеніміз жыл сайын мыңдаған үміткерлердің ішінен тек 6 пайызы ғана оқу орнында білім алуға шақырылады.
Джонс Хопкинс университеті — АҚШ-тың алғашқы ғылыми университеті. Бүгінде бұл оқу орны АҚШ-тың басқа академиялық мекемелеріне қарағанда зерттеулерге көп қаражат бөледі. Сонымен қатар АҚШ-тағы оқыту мен зерттеуді біріктіріп, білім беру саласында революция жасаған алғашқы оқу орны ретінде танымал. Бүгінгі таңда университет түлектері арасында Нобель сыйлығының 27 лауреаты бар.
Сурет:Tengrinews.kz
По сообщению сайта Arna Press