Популярные темы

Семейлік музыкант өз ауласында «Сақ шатырын» тікті

Дата: 01 мая 2023 в 01:28 Категория: Новости культуры


Семейлік музыкант өз ауласында
Стоковые изображения от Depositphotos

Серәлі Мұхамедсалықов халық арасында танымал музыкант. Бірақ, соңғы кездері отандастары оны ерекше баспанасы арқылы танып жатыр. Arnapress.kz тілшісі сақ дәуірінің шатырын өз көзімен көріп қайтты.

«Шығыс» кеңтіндегі саяжалардың бірінде ерекше үй бар. Сыртынан бірден байқалмайды, алайда жақындаған сайын шатырдың төбесіндегі найзаны көруге болады. Бұл Серәлі Мұхамедсалықовтың өз қолымен тұрғызған «Сақ дәуірінің шатыры». Аулаға кірген сәттен бастап құдды басқа әлемге тап болғандаймыз.

«Мен ауылда өстім. Кигіз үй не екенін білемін. Үлкен ұлым да киіз үйді көрді. Балаларым тарихты білсін, ұлттық рұхты сезінсін деген оймен осы шатырды салдым. Өзіме сақ дәуірі жақын. Сондықтан да, тарихты біле тұра, осындай шатырды тігуге бел будым. Ешқандай сызба болған жоқ. Барлығын көзбен өлшеп, шамалап жасадым. Еш қиындығы болған жоқ, тек қана шатырды салуға екі айдай уақыт кетті. Егерде қасымда көмекшілерім болса, мүмкін бір аптада аяқтайтын едік», — дейді Серәлі Мұхамедсалықов.

Бұл шатырдың киіз үйден қатты айырмашылығы жоқ. Тез жиналып, құрылады. Сыртын қаптау үшін экотерді пайдаланды, ортасына киіз басты. Ерекше шатыр суықты да, ыстықты да өткізбейді. Қыс мезгілінде ерекше баспананың ішінде қалыпты температураны электрокамин ұстап тұрады.

«Қызығып келетін кісі көп. Өзіміз де бүкіл уақытымызды осында өткіземіз. Бұл да шатырдың ішіндегі жылуды ұстауға көмектеседі. Басында отбасым тек жаз мезгілінде келетін, кейіннен өздері де үйреніп кетті. Қазір барлығымыз осындамыз».  

Серәлі аға өнер саласында қызмет етеді. Түрлі аспаптарды жетік меңгерсе де, шаң қобыз жанына жақын. Тұрғызған шатырда келген қонақтарға өнерінен шашу шашады.

Ал ерекше баспанысының ішін тарихи маңыздылығы бар заттармен толтырды. Кейбіреулерін таныс-достары берсе, басқасын өзі жинаған. Мұнда қолөнер шебері Абылай Қалқаұлының темірден тоқыған сауыты, жақын досының аңға шығып алған алғашқы қасқыры, Сарайшықтан келген құмыра бар. Ал төрде «Алтын адам» отыр.

Серәлі Мұхамедсалықов тарихқа толы ерекше баспанада тұрғанына екі жыл болды. Байқауынша, тіпті қаражат жағынан да үнемді екен.  

«Жастарға айтар едім, қанша жыл ипотека төлеп жатады. Ал бұндай баспана тұрғызу таптырмайтын шешім. Бір-неше бөлме жасауға болады. Сейсмологиялық жағынан да қауіпсіз».

Аулада Шыңғыс ханның 15-20 есе кішірейген түріндегі кемесі бар. Оны арнай ұлы үшін жасаған. Сондай-ақ, Серәлі аға осы ауласында бүркіт баптап, сонымен аңға шығады.

Қазіргі уақытта, Серәлі аға сақ шатырының қасында киіз үй тігіп жатыр. Жаз мезгілінде қалалық абыр-сабырдан демалып келетін семейліктердің қарасы қалын. Барлығына да есік ашық, дейді Серәлі Мұхамедсалықов.

Сурет: Махаббат Риза

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости культуры
Поделитесь новостью с друзьями