Стоковые изображения от Depositphotos
20 шілде Семейге жұмыс сапарымен ТЖ министрі Сырым Шәріпханов келеді деп жоспарланып отыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.
Сағат 10.00-де Мәңгілік көшесі, 11 мекенжайы бойынша орналасқан Әлихан Бөкейхан Университетінің ғимаратында Төтенше жағдайлар министрі Абай облысының тұрғындарымен кездесу өткізеді.
Кездесу барысында Министр брифингке қатысып, БАҚ өкілдерінің Министрліктің қызметі туралы сұрақтарына жауап береді. Сонымен қатар азаматтарды жеке қабылдауын өткізеді деп жоспарланған.
Сурет: ТЖМ Telegram каналы
По сообщению сайта Arna Press