Популярные темы

«Әкімдіктің де қауқары жетер емес»: Астананың іргесіндегі ауылдар жарықсыз отыр 04 августа 2023, 06:33

Дата: 04 августа 2023 в 06:43 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша



Стоковые изображения от Depositphotos

Елорданың іргесіндегі Целиноград ауданына қарасты Қажымұқан, Қаражал, Талапкер ауылдары бірнеше жылдан бері жарықтың зардабын тартып келеді. Электр желілері жерге дейін салбырап, сәл жел соқса болды үзіліп кетеді. Бірақ жекеменшік иелеріне жергілікті әкімдіктің де, басқа да құзырлы органдардың да тісі батпай тұр, деп хабарлайды Massaget.kz тілшісі.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

Фото: Massaget.kz

Осыдан он шақты жыл бұрын Елорда іргесіне қоныстанып үй салған ауыл тұрғындарына электр желілерін жекеменшік иелері қосалқы трансформаторлы стансаларын орнатып, жарық орнатқаны үшін әр тұрғын үйден 350 мың теңгеден ақы алған. Бірақ ағаш бағандарға орнатылған жарық желілеріне сол күйі ешқандай сервистік қызмет көрсетілмеген. Қысы-жазы жел соқса апталар бойы жарықсыз қалатын ауыл тұрғындары мәселесін айтпаған жері қалмапты. Алайда, жергілікті билік органдары да, басқа құзырлы мекемелер де жекеменшік иелерін жөнге сала алмай тұр. Осындай олқылықтардан айлап жарықсыз қалған ауылдар да бар.


Фото: Massaget.kz

«Мен Қажымұқан ауылында тұрамын. Ауылдағы жарық желілері әбден тозған. Бағандарының бәрі құлағалы тұр кейбірі тіпті құлап жатыр. Ағашқа орнатылған сымдар жерге салбырап түскендері де бар. Ойнап жүрген балалар тоққа түсіп өле ме деп қорқамыз. Қосалқы стансалар ашық-шашық жатады. Ал осыны айтып жекеменшік иесіне жөндеп беріңіз деп талап қойған менің үйімдегі жарығымды еш ескертусіз кесіп кетті. Үш күннен бері мүлде жарықсыз қалдық. Жарық болмаған соң су да жоқ. Үйде кәрі ата-анам, кішкентай бала-шағам бар. Жарықтың ақысын уақытында 34 теңгеден төлейміз.

Меншік иесіне Целиноград ауданы әкімдігінен де, прокуратурадан да хабарласты. Оған «Мен не істейтінімді өзім білемін» депті. Жекеменшік иесінің қызметін ешкім реттемегені ме? Мен Қазақстан азаматы ретінде өркениет игілігін пайдалануға құқылымын ғой. Жергілікті әкімдіктен бастап энергетика министрлігіне дейін мәселені айтсам да ешкімнің жекеменшік иесіне қауқары жетпегеніне налып отырмын, дейді Қажымұқан ауылының тұрғыны Алпамыс Әбенов.

Материалдың толық нұсқасын МЫНА СІЛТЕМЕ арқылы Massaget.kz сайтынан оқи аласыздар.

По сообщению сайта Tengrinews

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями