Популярные темы

«9-20-25» бағдарламасы қашан іске қосылады

Дата: 24 ноября 2023 в 10:37 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


«9-20-25» бағдарламасы қашан іске қосылады
Стоковые изображения от Depositphotos

«9-20-25» деп аталатын жаңа бағдарламаны іске қосу үшін жылына кем дегенде 150 млрд теңге қажет. Бұл туралы үкімет басшысы мәлімдеді.

— Бағдарламаны іске қосу үшін нарықтан 100 млрд теңге бөліп, Отбасы банктің таза табысынан 50 млрд алу қажет болады, — деп түсіндірді Ә. Смайылов.

Оның сөзінше ипотеканы 8 мыңға жуық отбасы рәсімдей алады.

Салыстырсақ, жыл басталғалы 5.5 мыңнан аса адам «7-20-25» бойынша кредит алған. Ал оған мемлекет жылына 100 млрд бөледі.

Билік 2024 жылы іске қосыамыз деп уәде берді, бірақ нақты күні белгісіз.

Премьер-министр «9-20-25-ті» мамандар әлі әзірлеп жатқанын атап өтті.

— Бізге кемі бір ай уақыт керек. Бағдарлама келер жылы іске қосылады, — деді шенді.

Атауына қарағанда, шарттары мынадай болатын сияқты:
— мөлшерлемесі — жылына 9 %;
— бастапқы жарна — 20 %;
— несие мерзімі — 25 жыл.

Жаңа ипотека арқылы қандай үй берілетіні аталмады. Қарыздың максимал сомасы мен үміткерге қойылатын талаптар да белгісіз.

Жастарға басымдық беретінін ғана білеміз. Бірақ ол жас отбасыларға беріле ме, әлде жас мамандарға арнала ма, беймәлім.

Krisha.kz оқиғаның қалай өрбитінін назарда ұстайды.

По сообщению сайта Крыша

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями