Популярные темы

Аягөз тұрғындары Мәжіліс депутатына сапасыз салынған үйлерге шағымданды

Дата: 09 января 2024 в 12:58 Категория: Новости политики


Аягөз тұрғындары Мәжіліс депутатына сапасыз салынған үйлерге шағымданды
Стоковые изображения от Depositphotos

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Нұртай Сабильянов Аягөз қаласының тұрғындармен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.

Жиында Мәжіліс депутаты Парламент Мәжілісінің қызметі мен қабылданған заңдар туралы баяндап берді.

Қала халқының тарапынан  кезекте тұрған азаматтарды тұрғын үймен қамтамасыз ету, азық түлік бағасын бақылау, қоғамдық көлік мәселесін реттеу, қаладағы ауыз су және қоқыс мәселесін шешу,инфрақұрылымды дамыту, 1-4 сынып оқушыларын тамақтандырудың сапасын жақсарту, қаңғыбас иттерді жою мәселелері көтерілді.

Семей ядролық полигонынан зардап шеккен азаматтарды әлеуметтік қорғауды жетілдіру, әйелдердің зейнетке шығу жасын төмендету, ауған соғысының ардагерлеріне әлеуметтік қолдауды жақсарту, қалада жедел жәрдем көлігін шақыртуды Семейден Аягөздің аудандық ауруханасына қайтару және басқа да ұсыныстар айтылды.

Сонымен қатар, Нұртай Сабильянов Еткомбинаты шағын ауданында салынған әлеуметтік үйлерді барып көріп, тұрғындармен кездесті. Тұрғындар әлеуметтік үйлердің сапасыз салынғанына шағымданды. Мұндағы үйлер 2020, 2021,2022 жылдары пайдалануға берілген. Тұрғындардың айтуынша, сапасыз салынғандықтан үйлердің қабырғалары жарылып, іргетасы отырып кеткен. Көктемде үй ішіне су кіреді. Қыста суық. Баспаналарды көріп шыққан Мәжіліс депутаты 1 шілдеден бастап, тұрғындарға жекешелендіру құқығы берілетіндігін айтты.   

Ол туралы депутат бұған дейін өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жариялаған болатын.  Онда Экономикалық реформа және өңірлік даму комитетінде осы заң жобасы бойынша құрылған жұмыс тобында бұл мәселенің жан-жақты қаралғаны және оны Үкіметтің қолдап,оң қорытындысын бергені туралы айтылған.

«Мемлекет меншігіндегі мұндай пәтерлер халықтың әлеуметтік осал топтарына берілген. Адамдардың оны жеке меншікке сатып алуға, жекешелендіруге құқығы болмаған еді.  Ал, енді жекешелендіруге рұқсат етілген соң, азаматтар жалға берілген пәтерді жеке меншігіне ала алады»,-делінген Мәжілісменнің әлеуметтік желідегі парақшасында.

Сондай-ақ, Нұртай Сабильянов Аягөз қаласын жылумен қамтамасыз ететін қазандықта болды. Нысанның жұмысын көріп, қазандыққа күрделі жөндеу жүргізу қажет екендігін айтты.

Тұрғындар мәселелерінің барлығын мұқият жазып алған депутат, олардың назардан тыс қалмайтынын, Парламентке барғанда көтеретінін жеткізді.

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости политики
Поделитесь новостью с друзьями