Стоковые изображения от Depositphotos
Қазақстанның еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінде 2024 жылғы 19 сәуірде зейнетақының орташа мөлшері аталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
Ведомства мәліметінше, жыл басынан бастап республикалық бюджеттен 926,5 млрд теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге – 291,4 млрд теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге – 635,1 млрд теңге қарастырылды.
«2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша зейнеткерлер саны – 2 млн 364 мың адам. 2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 595 теңгені құрады, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері – 89 901 теңге, базалық зейнетақы – 42 694 теңге.«Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі
2018 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі зейнетақы жүйесіндегі өтілін ескере отырып, әр алушыға жеке тағайындалады. Бұл ретте 1998 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша ынтымақты жүйеде жұмыс істеген уақыты, сондай-ақ міндетті зейнетақы жарналары төленген кезеңдер зейнетақы жүйесіндегі еңбек өтіліне қосылады.
Егер азаматтың зейнетақы жүйесіндегі өтілі 10 жыл немесе одан аз болса, сондай-ақ мүлде жоқ болса, базалық зейнетақы ең төменгі күнкөріс деңгейінің 65%-на тең болса, содан кейін 10 жылдан асқан әр жыл үшін оның мөлшері 2 %-ға артады. Ал егер сіздің өтіліңіз 20 жыл болса, базалық зейнетақы төменгі күнкөріс деңгейінің 85 %-ын құрайды. Еңбек өтілі 30 жыл немесе одан көп болса, күнкөріс деңгейінің ең жоғарғы мөлшерінде яғни 105% белгіленеді.
Егер бір ай ішінде міндетті зейнетақы жарналары Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорына бірнеше рет аударылса, жинақтаушы жүйеге қатысу мерзімі бір айды құрайды.
Осылайша міндетті зейнетақы жарналары неғұрлым тұрақты және толық көлемде аударылатын болса, зейнет жасына жеткенде базалық зейнетақы төлемдерінің мөлшері соғұрлым көп болады.
Өз кезегінде азаматтың жасына байланысты зейнетақы төлемдерінің мөлшері 1998 жылғы 1 қаңтардағы жұмыс өтіліне (кем дегенде 6 ай қажет) және зейнеткерлікке дейінгі кезеңдегі орташа айлық табысына байланысты болады.
По сообщению сайта Arna Press