Популярные темы

Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды

Дата: 18 июля 2024 в 12:38


Қазақстандағы орташа зейнетақы мөлшері аталды
Стоковые изображения от Depositphotos

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстандағы зейнетақының орташа мөлшерін жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап

Ведомство мәліметінше, жыл басынан бері республикалық бюджеттен 1 триллион 861,7 миллиард теңге сомасына зейнетақы төленді, оның ішінде базалық зейнетақы төлеуге 585,9 миллиард теңге, ынтымақты зейнетақы төлеуге 1 триллион 275,8 миллиард теңге қарастырылған.

«2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, жиынтық зейнетақының орташа мөлшері 132 110 теңге болды, оның ішінде ынтымақты зейнетақы мөлшері 89 479 теңге, базалық зейнетақы 42 631 теңге», делінген хабарламада.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша, зейнеткерлер саны 2 миллион 391 мың адам.

Фото:depositphotos.com

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями