Популярные темы

Бәйгеден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды

Дата: 05 августа 2024 в 15:28 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Бәйгеден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды
Стоковые изображения от Depositphotos

Бәйгеден Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына қатысатын жылқылар белгілі болды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

Жарыс бәйгенің 4 түрі бойынша өтті: Құнан бәйге, Топ бәйге, Жорға жарыс және Аламан бәйге, жалпы жүлде қоры 24 900 000 теңге.

«Бұл бәсеке бәйгеден ҚР чемпионатының 8-кезеңі, ал бір жағынан осы күзде Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарына іріктеу есебінде өтіп жатыр. Ат жарысқа еліміздің түкпір түкпірінен ең үздік жылқылар жиналды. Олар бәйгенің төрт түрінен, яғни құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге және жорға жарыс аталымы бойынша сынға түседі. Әр бәйге түріне шамамен 25 тұлпар қатысып жатыр. Бұл аттардың жағдайы жақсы, алдағы үлкен додаға дайын деп айта аламын», деді «Бәйге» федерациясының атқарушы директоры Алтай Бимен.

Құнан бәйгеден бірінші орын алған Қамысқұлақ атты тұлпардың шабандозы Асланбек Абдықал жеңіс жолында бапкердің кеңесі көмек болғанын айтады.

«Бапкердің айтуымен жүріп отырдым. Ол маған жарыс бастала сала алдыңғы топта отыруға кеңес берді. Соңғы айналымда бірінші болып алға оздым. Мәреге бес жүз метр қалғанда артымнан тағы бір ат келе жатты. Жетіп ала ма деп қорқып едім, бірақ мен бірінші келдім. Енді көшпенділер ойындарына дайындаламын», деп атап өтті жас шабандоз Асланбек Абдықал.

II орынды Найза атты құнан алды, шабандозы Арнат Мұратхан. Жүлдегерлер үштігін Айшуақ есімді атқа мінген Аңсар Арыстанбек тәмамдады.

Сурет: ҚР Ұлттық спорт қауымдастығының баспасөз қызметі

 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями