Стоковые изображения от Depositphotos
Алматы тұрғынынан 10 мың вейп тәркіленді. , – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.
Алматы полициясы электронды темекі түріндегі тыйым салынған өнімдерді сату деректерін анықтау үшін әлеуметтік желілер мен мессенджерлерді қадағалап отыр.
– Өткен айда Алматы «Киберпол» қызметкерлері жедел іс-шаралар барысында вейп саудасымен айналысқан 5 адамды ұстады. Түрлі өндірушілердің 10 мыңнан астам бір реттік темекісі тәркіленді. Қазіргі уақытта барлық деректер бойынша тергеу амалдары жүргізілуде.
Сатушылар мен осы өнімді жеткізуге қатысы бар адамдарға қатысты ҚР ҚК-нің 301-1 бабы бойынша темекі өнімдерін, электронды тұтыну жүйелерін, хош иістендіргіштер мен сұйықтықтарды өткізу және тарату бойынша қылмыстық іс қозғалды, – деді Алматы қалалық ПД криминалдық полиция басқармасының бастығы Мақсат Қанапяев.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press