Стоковые изображения от Depositphotos
Синоптиктер бейсенбі, 2024 жылдың 22 тамызына арналған ауа райы болжамымен бөлісті.
«Күн райы күрт бұзылады». Еліміз бойынша 22 тамызға арналған ауа райы болжамы, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, республикамыздың батысында, оңтүстігінде ғана жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.
«Солтүстік-батыс циклонының ықпалымен Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сипаты сақталады: найзағай ойнап, бұршақ түседі, қатты жел тұрады, жаңбыр жауады, солтүстік-батыста, шығыста, еліміздің орталығында қатты жаңбыр жауады деп күтіледі. Республикамыз бойынша ортақ тән табиғи құбылыс — желдің екпін алуы. Сондай-ақ еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, орталығында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады. Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде қатты ыстық болады», деп нақтылайды синоптиктер.
Сондай-ақ, Атырау, Абай облыстары, Ұлытау өңірінің солтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының шығысында, орталығында, Маңғыстау өңірінің батысында, оңтүстік-шығысында, Қызылорда облысының солтүстік-батысында, Шығыс Қазақстан облысының солтүстік-батысында өрт қаупі жоғары болады.
«Қызылорда, Түркістан, Жамбыл облыстарында, Алматы өңірінің батысында, Маңғыстау облысының солтүстігінде, солтүстік-батысында, Атырау өңірінің орталығында, оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстік-шығысында, Шығыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, орталығында, Қарағанды өңірінің оңтүстігінде, Ұлытау облысының оңтүстігінде, Абай облысының батысында, солтүстік-батысында, оңтүстігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады», деп толықтырады «Қазгидромет» РМК.
Бұған дейін синоптиктер күздің суық күндері жақындап қалғанын хабарлаған болатын.
Сурет: unsplash
По сообщению сайта Arna Press