Стоковые изображения от Depositphotos
Семейде лудоман алаяқтық жолмен адамдардың қаражатын иемденген, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Семей полициясына алаяқтың құрбаны болған 32 тұрғын жүгінді. Қаскүнемге сенім артқан жәбірленушілер ол қарызға сұраған үлкен соманы өз қолдарымен берген.
Алдау жолымен келген ақша сомасы 250 мың теңгеден 11 млн теңгеге дейін өзгереді. Азаматтарға келтірілген жалпы шығын көлемі 63 млн теңгеден асқан.
«Криминалдық полиция басқармасы мен СyberPol арнайы бөлімшесінің қызметкерлері Семей қаласында 35 жастағы күдіктіні ұстады. Жауап алу кезінде ол кінәсін мойындады және алынған ақшаны букмекерлік кеңседе ұтыс шығару үшін пайдаланғанын айтты», — делінген хабарламада.
Семей қаласының соты алаяқтық жасағаны үшін 35 жастағы семейлікке қатысты үкім шығарды. Сот үкімімен оған үш жыл 2 ай тағайындалды, жазасы орташа қауіпсіздік қылмыстық — атқару жүйесі мекемесінде өтеледі.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press