Стоковые изображения от Depositphotos Тараз қаласы №2 соты 2024 жылы өзінің жұмыс жоспары және облыстық соттың тапсырылған жоспарлары бойынша біршама іс-шаралар атқарды.
Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру үшін облыстық және республикалық басылым беттерінде 4 мақала жарық көрді, ұжымдық масштабта судьялар тарапынан 3 семинар-сабақ өтті, мемлекеттік және мемлекеттік емес мекемелер, ішкі істер органдары, сот орындаушылары, түзеу мекемелері мен адвокаттар арасында 2 мәрте дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Өзге мекемелер мен соттар арасында кіріс-шығыс құжаттарын, ішкі құ¬жат айналымын мемлекеттік тілге кө¬ші¬ру жұмысы қолға алынды.
2024 жылғы статистика бойынша сотымызда 12527 кіріс құжаты тіркелсе, олардың 11069-ы мемлекеттік тілде жүргізілген, пайыздық көрсеткіш — 88,36%. Ал шығыс құжаттар айналымында 15443 құжаттың 15373-і мемлекеттік тілде дайындалып, пайыздық деңгей 99,55%-ды құраған. Соттың өзінің ішкі құжаттар айналымында 404 құжаттың 393-імемлекеттік тілде ресімделіп, 97,28%-ды құрап отыр.
Жоғарыдағы статистика мемлекеттік тіл бойынша көрсеткіштің нәтижесі деп айтуға болады. Алайда, әлі де болса мемлекеттік тілге көшу бағытында атқа¬рылар жұмыс көл-көсір. Шығыс құжаттары мен ішкі құжаттар айналымының деңгейі жақсы, ал кіріс құжаттары бойынша әлі де болса жан-жақпен жұмыс жасауды жаңғырту қажеттігін көрсетіп отыр. Демек бұл орайда соттың атқаратын жұмыстары мен тапсырмалары әлі көп. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бірігіп жұмыс жасап, ұйымдаса білсек бұдан да жоғары деңгей көрсетіп, жетістіктерге жететініміз анық.
Бұдан бөлек, Тараз қаласы №2 сотында БАҚ-пен байланыс жүйесі де жақсы. Басылымдар мен сайттарға жарияланған мақалалар саны 23-ті құраса, сот тарапынан жарияланған баспасөз релиздері 13, ал сотішілік судьялар мен мамандар арасында өткізілген семинар-сабақтар саны 22-ні құрайды.
Тараз қаласы №2соты биыл қаза айында өзінің 25 жылдық мерейтойын да атап өтті. Осы сотта қызмет атқарған ардагер судьялар мен төрағаларды шақыртып, олардың еңбектерін елеп, марапаттарын жасап, ресми түрде сот тарихын талқылап, ол бойынша арнайы мұрағат ашу мәселесін шешті. Алдағы уақытта, 25 жылдық тарихы бар Тараз қаласы №2 сотына жаңа ғимарат беру жоспарда.
Е.Дүйсенбаев Тараз қаласы №2 сотының төрағасы
По сообщению сайта Магнолия