Стоковые изображения от Depositphotos
112 пультіне жедел медициналық жәрдем станциясының операторынан әйелді тасымалдауға көмек қажет екендігі туралы хабарлама түскен, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Белгілі болғандай Абай облысы Жарма ауданының шаруа қожалықтарының бірінде 1978 жылы туған әйелді тасымалдауға көмек қажет болған.
Ауа-райының нашарлауына байланысты жолды қар басып, жүру қиынға соққандықтан, Семей қаласының жедел құтқару жасағының қызметкерлері өтімділігі жоғары техникамен жолға шықты.
Шақыру орнына аман-есен жеткен құтқарушылар науқасты жедел жәрдем көлігіне жеткізіп, оны Денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлеріне табыстады.
Сурет: ҚР ТЖМ баспасөз қызметі
По сообщению сайта Arna Press