Стоковые изображения от Depositphotos
Абай облысында денсаулық сақтау саласына жүргізілген жемқорлық тәуекелдеріне сыртқы талдау барысында (2024 ж.) Бірыңғай дистрибьютор – «СК-Фармация» ЖШС медициналық препараттарды уақытылы жеткізбеу фактілері анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Бұл тәжірибе тегін дәрі-дәрмектердің жетіспеушілігіне және пациенттердің оларды өз қаражатына сатып алуына алып келді.
Медициналық мекемелерде нақты жағдайды жасыру үшін «жалған рецептер» жазылған. Құжаттарға сәйкес пациенттер дәрі-дәрмектермен толық қамтамасыз етілген.
Талдау қорытындысы бойынша Абай облысының барлық емханаларында EGOV Mobile қосымшасының «Әлеуметтік әмиян» бөлімінде QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жүйесі енгізілді.
Қазіргі уақытта бұл дәрі-дәрмектерді алудың балама әдісі, алайда ол қазірдің өзінде оң нәтиже көрсетуде.
QR-код арқылы пациенттерге тегін дәрі-дәрмек беру жөніндегі жоба пилоттық режимде іске қосылды және қорытындысы бойынша оны барлық республика бойынша масштабтау жоспарлануда.
2024 жылы пациенттер санының 14%-ға өсуіне қарамастан (2023 ж. – 77,6 мың, 2024 ж. – 88,8 мың), Абай облысында жазылған рецепттер санының 24,8 мыңға төмендеуі байқалады (2023 ж. – 707,6 мың рецепт, 2024 ж. — 682,4 мың рецепт).
Заманауи цифрлық шешімдерді енгізу жалған рецепттерді шығару, дәрі-дәрмектерді жымқыру қаупін едәуір азайтып, бюджет қаражатын үнемдейді.
Сурет: ашық дереккөздерден
По сообщению сайта Arna Press