Популярные темы

Абай облысының ауданында заманауи медициналық қондырғылар орнатылды

Дата: 12 февраля 2025 в 20:48 Категория: Здоровье


Абай облысының ауданында заманауи медициналық қондырғылар орнатылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Аудан орталықтарындағы ауруханалар заманауи медициналық қондырғылармен жарақтануда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, Жарма аудандық ауруханасы компьютерлік томографияны іске қосты. Шараға аудан әкімі Нұрлан Борсықбаев, облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Жасұлан Сәбитов, аурухана ұжымы мен ардагер дәрігерлер қатысты.

«Компьютерлік томография аппаратына ауданымыз алғаш рет қол жеткізіп отыр. Бұрын емделушілерді қалаға жіберетінбіз. Енді сырқатқа диагностикалауды өзімізде жасай аламыз. Қажетті дәрігеріміз бар. Жергілікті маманды аппараттың қыр-сырын меңгеру үшін арнайы Астана қаласында оқытып жатырмыз», -деді аудандық аурухананың бас дәрігері Ерік Исабеков.

Компьютерлік томография ішкі органдар мен тіндер бейнелерінің жоғары дәлдігі мен нақтылығын қамтамасыз етеді. Бұл дәрігерлерге әртүрлі ауруларды неғұрлым дәл диагностикалауға және мониторингілеуге мүмкіндік береді.

Бүгінгі таңда Жарма ауданы бойынша орталық ауруханадан бөлек 3 ауылдық дәрігерлік амбулатория, 5 фельдшерлік-акушерлік пункт, 10 медициналық пункт тұрғындарға қызмет көрсетеді.

Естеріңізде болса, өткен жылдың соңында дәл осындай компьютерлік томография аппараты Мақаншы ауданына қойылған болатын. Енді кезекте Ақсуат ауданына орнату жоспарда тұр.

Сурет: Абай облысы әкімдігінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Здоровье
Поделитесь новостью с друзьями