Arna Press,
11 июня 2023
в 18:58
Қасым-Жомарт Тоқаев Абай облысының әкімі Нұрлан Ұранхаевқа өз міндетін тиісті деңгейде атқармағаны үшін сөгіс жариялады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.«Қателік көп. Шұғыл әрекеттің жетіспеуі, мәселеден сырт қалуыңыз осы апатқа әкелді. Өзіңіз де оқиға орнына кеш жеткеніңізді маған баяндадыңыз.
Tengrinews,
09 июня 2023
в 12:33
Қаланың ажарын ашып, сәнін келтіретін сәулет өнерінің бір түрі — муралдар. Бір қарағанда қабырғаға салынған бейне ғана болып көрінгенімен, белгілі бір идеяға негізделетіні жасырын емес. Алматыдағы муралдардың астарында қандай сыр жатыр? Massaget.kz тілшісі анықтап көрді. Муралдар — қаланың бет-бейнесін қалыптастыратын өнер түрі.
Arna Press,
06 июня 2023
в 14:48
Енді мобильді қосымшада тұрғылықты жері бойынша уақытша немесе тұрақты тіркеуді рәсімдеуге болады, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл қызмет арқылы үй иесі өзін және отбасы мүшелерін (14 жастан асқан балалар), сондай-ақ бірге тұратын басқа да адамдарды өз пәтерінде тіркей алады.
Arna Press,
05 июня 2023
в 17:58
Абай облысы бойынша ҚАЖ департаментінің қызметкерлері әлеуметтік желіде Дарина мен Мақсат (есімдері өзгерген) есімді балалардың арманы «Ninety One» тобының концертіне қатысу туралы бейнежазбаны көріп, балаларға жақсы көңіл-күй сыйлауды шешті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ҚАЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Белгілі болғандай, 15 жасар Дарина мен 13 жасар Мақсат туылғаннан бері церебральды сал ауруына шалдыққан.
Arna Press,
02 июня 2023
в 18:18
Мәжілісте халықтың кірісін 2029 жылға дейін арттыру бағдарламасын талқылау барысында Amanat партиясының депутаты Ерлан Саиров монша бағасының қымбаттағанына шағымданды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Керемет» деген моншаға барамын. Қазір адамдар аптасына бір емес, екі аптада бір рет моншаға барады.
Arna Press,
02 июня 2023
в 15:38
«Жолаушылар тасымалы» АҚ балаларға пойызға билет алу тәртібін түсіндірді. Бұл туралы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі хабарлады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі KAZ.NUR.KZ сайтына сілтеме жасап.ҚТЖ мәліметінше, 7 жасқа жетпеген балалар үшін пойызға міну ақысы тегін, алайда оған бөлек орын қарастырылмайды.
Arna Press,
02 июня 2023
в 14:18
Қазақстанда 2023 жылы жас таланттарды мемлекеттік қолдау және авторлардың жаңа буынын қалыптастыру үшін тұңғыш рет Президенттің арнайы әдеби сыйлығы беріледі, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап. Президенттік әдеби сыйлықтың иегерлері төрт номинация бойынша анықталады: «Проза», «Поэзия», «Драматургия» және «Балалар әдебиеті». Әр номинация бойынша жеңімпаздарға 4 миллион теңге, «Президенттік арнаулы әдеби сыйлықтың лауреаты» атағы, диплом мен төсбелгі беріледі.«Байқауға 18 бен 35 жас аралығындағы жазушылар қатыса алады. Өтінімдер 1 маусым мен 30 маусым аралығында қағаз және электронды түрде қабылданады.
Arna Press,
02 июня 2023
в 12:48
Әділет министрлігі Республикалық нотариаттық палатамен бірлесіп eGov Mobile мобильді қосымшасында «Нотариаттық онлайн консультация» сервисін енгізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Әділет министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.ҚР Әділет вице-министрі Бекболат Молдабековтың айтуынша, сервис білікті заңгерлік көмекке мұқтаж адамдар үшін тиімді құрал болмақ.«Онлайн-кеңес беру арқылы азаматтар үйден немесе кеңседен шықпай-ақ нотариаттық қызметке байланысты құқықтық сұрақтарға жауап ала алады.
Arna Press,
30 мая 2023
в 19:29
Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев қазақстандықтардың зейнетақы жинағын мерзімінен бұрын алуы жақсылыққа апармағанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Салдарынан біз үлкен сұранысты жасап жібердік. Тұрғын үй бағасы көтерілді. Тек баспанаға ғана емес. Жалпы инфляция өсті.
Arna Press,
30 мая 2023
в 19:28
Семейлік полицей өрт шыққан пәтерден мүгедектігі бар тұрғынды құтқарды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.15 мамыр күні сағат 18:53-те «101» пультіне Докучаев көшесінде өрт болып жатқаны туралы хабарлама келіп түскен. Сол уақытта жеке автокөлікпен жұмыстан үйіне қайтып бара жатқан Абай облысы ПД ӘПБ әкімшілік практика бөлімінің бастығы Ернұр Кұтамбаев көпқабатты үйде қатты түтін шығып жатқанын байқаған.Полиция қызметкері өрт сөндіру бөлімшелері әлі келмегенін түсініп, азаматтарға өз бетінше көмек көрсетуді шешкен.
Arna Press,
29 мая 2023
в 13:38
Сенбі, 27 мамырда, ҚР премьер-министрі Әлихан Смайылов Инвестициялық штаб отырысын өткізді, онда негізгі капиталға инвестициялар (НКИ) және тікелей шетелдік инвестициялар (ТШИ) тарту барысы қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыровтың айтуынша, биылғы қаңтар-сәуір айларында НКИ-дың жалпы көлемі 3,8 трлн теңге болды, бұл 2022 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 18%-ға артық, деп жазды ҚР премьер-министрінің ресми ақпараттық ресурсы.
Arna Press,
26 мая 2023
в 12:48
Германия Федеративтік Республикасының Үкіметі өзара түсіністік қағидаты бойынша Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының адам өлтіруге күдікті азаматты ұстап беру туралы сұрау салуын қанағаттандырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қылмыс 2017 жылы Орал қаласындағы автотұрақ аумағында орын алған, жанжал кезінде күдікті жәбірленушіге 7 рет пышақ жарақатын келтіріп, жәбірленуші соның салдарынан қайтыс болған.Бұл қылмысты жасағаннан кейін күдікті қылмыстық қудалау органдарынан жасырынған, сол себепті оған қатысты халықаралық іздеу жарияланды.Бүгін Бас прокуратураның, Ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауаптылыққа тарту үшін Қазақстанға экстрадициялады. Қазіргі уақытта ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды, делінген ресми хабарламада.Жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін ол 8 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.Айта кету керек, кезекті Германияның күдікті адамды Қазақстанға бергені елдеріміз арасындағы сенімнің жоғары деңгейін көрсетеді.Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі
Arna Press,
26 мая 2023
в 11:48
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Астананың білім басқармасымен бірлесіп, қаладағы мектептердің бірінде тексеруді бастады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Мектеп оқушыларының айтуынша, 2022-2023 оқу жылында олар «Абайтану», «Қазақ әдебиетіндегі эссе жазудың құрылымы», «Жаһандық құзыреттілік» факультативтік пәндерін оқуға тиіс болған.
Arna Press,
26 мая 2023
в 10:58
Ұлттық ғарыш орталығы Қазақстан мен Ресей шекарасындағы орман өртінің суреттерін жариялады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сілтеме жасап.Бұған дейін Төтенше жағдайлар министрлігі өрттің жалпы аумағы 3500 гектарға жуық екенін хабарлаған болатын.Естеріңізге сала кетейік, 25 мамырда кешке Абай облысы аумағындағы орман өрті ауыздықталды.25 мамырда премьер-министр Әлихан Смайылов Абай ауданындағы орман өртінің қаупі туралы айтты.«Көріп отырғанымыздай, қауіп өте жоғары.
Arna Press,
25 мая 2023
в 14:48
Үкімет отырысында министр оқу жылын ұзарту және соңғы қоңырауды 25 мамырдан 1 маусымға ауыстыру туралы шешімнің қаншалықты орынды екеніне жауап берді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Қазір біз стандарттар мен бағдарламаларды сәйкестендіру, оқытудың сапасы мен әдістерін жақсарту шараларын қолға алып жатырмыз.
Arna Press,
25 мая 2023
в 12:58
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысының Бородулиха ауданындағы ірі табиғи өртті жою мәселесі қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі primeminister.kz сайтына сілтеме жасап.Өңір әкімі Нұрлан Ұранхаев қазіргі таңда жағдай ерекше бақылауға алынып, өртті сөндіру үшін жедел штаб жұмылдырылғанын хабарлады.
Arna Press,
24 мая 2023
в 11:48
Қазақстандық және шетелдік жүргізушілердің ұзын-сонар кезекте тәуліктеп тұрғанына бірнеше ай болған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Аlmaty.tv ақпараты бойынша Түркістан облысы «Қазығұрт» кеден бекетінде шақырымдап созылған кезекте Өзбекстанға бет алған жүк көлігінің жүргізушілері тұр.
Arna Press,
24 мая 2023
в 11:48
Кеше кешкісін ашынған Астана тұрғындары көлік көп жүретін тас жолдардың бірінде көлік қозғалысын тоқтатып тастады. Халықтың айтуынша, бірнеше күн бойы судың жоқтығы оларды осындай қадамға баруға мәжбүр еткен, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.КТК телеарнасының эфирінде өткен бейнесюжетте, оқиға орнына келген су арнасының мамандары тұрғын үй кешеніне құбыр тарту технологиясын бұзылған оған құрылыс мамандарын кінәлады, деп хабарланған.
Arna Press,
22 мая 2023
в 13:58
Дүкен сатушысын жалған чек көрсетіп алдаған азаматты Абай облысының полицейлері анықтады.Семейде сатушыны жалған чекпен алдаған ер адам ұсталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Ағымдағы жылғы сәуір айының ортасында Семей қ. Полиция басқармасының «102» жедел арнасына 50 жастағы әйел жүгініп, дүкенде белгісіз ер адам азық-түлікті мобильді қосымшада жасалған төлем чегін көрсеткенін, алайда қаражат әйелдің шотына сол күйі түспегенін хабарлаған.
Arna Press,
19 мая 2023
в 23:48
Журналистермен кездесуде еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Тамара Дүйсенова қазақстандықтардың проактив форматта жәрдемақы алуына кедергі келтіретін ақпараттық жүйелердегі қате туралы айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Расында, оның төрт баласы бар, оған жәрдемақы тағайындау керек еді.
Arna Press,
19 мая 2023
в 18:28
Балаларды ұруға заңмен тыйым салынуы мүмкін, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Оның пікірінше, балалар арасындағы және оларға үлкендер тарапынан жасалатын зорлық-зомбылыққа қатысты әлеуметтік норманы өзгерткен жөн.Дене жарақатын салуға заңмен тыйым салу – өте маңызды. Бүгінде 65 мемлекетте бұл заң күшіне енді.
Arna Press,
17 мая 2023
в 16:18
Шымкентте жылан қаладағы тұрғын үйлерге, тіпті балабақшаларға да өрмелеп кеткен. Мамыр айында тұрғындардың өтініші бойынша құтқарушылар бауырымен жорғалаушыларды ұстауға тоғыз рет шыққан, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Олардың белсенділігі жаз маусымының басталуымен байланысты.
Arna Press,
15 мая 2023
в 16:18
15 мамырда өткен Мәжілістің жалпы отырысында ҰҚК төрағасының орынбасары Марат Көлқобаев қаңтар оқиғасынан кейін комитетте қандай жұмыстар атқарылғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.«Бүгінгі таңда ҰҚК 11 қызметкерді қылмыстық жауапкершілікке тартып жатыр. Бірақ кейбір істер бойынша тергеу аяқталды.
Arna Press,
15 мая 2023
в 16:18
Қазақша күрес және дзюдодан республикалық және халықаралық турнирлердің бірнеше дүркін жеңімпазы Бекзат Манасбаев шеберлер арасында Азия ойындарының алтын медалін жеңіп алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімшіліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жарыс Оңтүстік Кореяның Кочхан қаласында өтуде, спортшы 81 кг салмақ дәрежесінде, 30-34 жас топтары арасында күресті.Өткен жылы да шеберлер арасында Азия ойындарының біріншілігі біздің отандасымыз Бекзат Манасбаевтың қолында болғанын айта кетуіміз керек.
Arna Press,
12 мая 2023
в 16:38
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДСҰ) Қазақстандағы кеңсесінің басшысы Скендер Сила COVID-19 әлі жойылмағанын айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Пандемия кезінде қабылдаған шаралары үшін Қазақстанға алғыс айтқым келеді. Бірақ бұл вирус біздің өмірімізден біржола жойылған жоқ, ол бар.
Arna Press,
12 мая 2023
в 02:18
28 мамыр күні «Семей аруы -2023» байқауына іріктеу кезеңі өткізіледі, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.«Қазақстан аруы» республикалық байқауының өңірлік өкілі Асем Садвакасованың айтуынша, іріктеуге қатысқысы келетіндер арнайы бірдей киім киіп келулері қажет. Шарт бойынша бұл қара футболка немесе топ, қара джинсы не болмаса фигура бойынша шалбар және міндетті түрде өкшелі аяқ киім.«Семей аруы -2023» байқауының іріктеу кезеңіне 17 мен 25 жас аралығындағы қыздар қатыса алады. Қойылатын негізгі талаптар: бойы 170-183 см, тұрмысқа шықпаған, сымбатында мін жоқ, ақылына көркі сай болу керек, — дейді Асем Садвакасова.Кастинг 28 мамыр күні сағат 12:00 Семей қалалық мәдениет сарайының 306 кабинетінде өтеді.
Arna Press,
11 мая 2023
в 14:38
2023 жылдың 11 мамырында әлеуметтік желілерде Атырауда белгілі журналист Виктор Сутягиннің көлігі жарылғаны туралы ақпарат пайда болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Жарылыс туралы ақпарат Instagram-ның қоғамдық formaggio.almaty сайтында пайда болды.«ҚазАқпарат» ХАА хабарлағандай, оқиға бейнебақылау камерасына түсіп қалған.«Мен көлікті аллеяға қалдырдым.
Arna Press,
11 мая 2023
в 11:48
Мәжіліс депутаты Самат Нұртаза журналистерді қолтырауынға теңегені үшін кешірім сұрап, мұны болмашы әзіл деді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Самат Нұртаза әлеуметтік желідегі парақшасында журналистерді қолтырауынға теңегенін, себебі БАҚ өкілдерінің кейбір депутаттардан сұхбат алуға ұмтылатынын, ал кейбіреулері оларға қызық емес екенін түсінбейтінін атап өтті.
Arna Press,
10 мая 2023
в 13:38
Бүгін Мәжілісте «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол жүрісін ұйымдастыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын талқылады. Оған сәйкес, электрсамокаттар көлік құралы ретінде тану мақұлданды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Заң жобасы екі жыл бұрын әзірленген.
Arna Press,
03 мая 2023
в 15:38
Мәжіліс депутаты Жигули Дайрабаев өзінің төңірегінде неліктен келеңсіздіктер көп болып кеткенін түсіндірді.Мәжілістің жалпы отырысында журналистер депутаттан соңғы уақытта жылжымайтын мүлікке қатысты заңсыз әрекеттерге қатысты тағылған айыптар туралы сұрады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.«Меркен ауданында жеке менің меншігімде бір метр жер жоқ, ол кезде жалдамалы жұмысшы болып жұмыс істедік.