Популярные темы

Соңғы жаңалықтар қазақша — страница 80

«Оның аяғы ауыр болған жоқ». Қаза болған Мейрамгүл Жиенбаеваның отбасы жалған ақпарат таратпауды сұрайды

Arna Press, 15 июня 2023 в 14:58

Абай облысында орман өртінде қаза тапқан Мейрамгүл Жиенбаеваның туыстары оның жүктілігі туралы ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Мейрамгүл Жиенбаева «Семей орманы» Новошульба филиалының Успенское орманшылығын басқарды. Өрт болған күні ол әріптестерімен бірге қызыл жалынды сөндіруге барып, әріптестерімен бірге қызметтік борышын өтеймін деп ажал құшты.Кейінірек әлеуметтік желілер мен БАҚ-та қаза болған Мейрамгүл Жиенбаева жүкті болғаны туралы ақпарат пайда болды.

Төреғали Төреәлі көлік жүргізу куәлігінен 7 жылға айырылып, 20 тәулікке қамалды

Arna Press, 15 июня 2023 в 14:58

Төреғали Төреәлі көлік жүргізу куәлігінен 7 жылға айырылып, 20 тәулікке қамалды
Ол есірткіге мас күйінде көлік басқарып, полиция қызметкерлерінің ескеруіне бағынбады.Әнші Төреғали Төреәлі есірткіге мас күйінде көлік құралын басқарғаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Алматы қаласының әкімшілік құқық бұзушылықтар жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында өзге көлік құралдарына зақым келтіруге әкеліп соққан есірткіге мас күйінде көлік құралын басқару фактісі (ҚР ӘҚБтК 608-бабы 3-бөлігі) бойынша азамат А-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.Сот 2023 жылдың 14 маусымында көлік рөліндегі азамат А. мас күйінде патрульдік көлікті қаққанын анықтады.

Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңға жуық өтініш берді

Arna Press, 15 июня 2023 в 13:58

Қазақстандықтар 1-сыныпқа қабылдауға 250 мыңға жуық өтініш берді
Қазақстанда екі айдың ішінде бірінші сыныпқа қабылдауға 250 мыңға жуық өтініш түскен. Құжаттарды қабылдау 1 сәуірде басталып, 1 тамызға дейін жалғасады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz-ке сілтеме жасап.Оқу-ағарту министрлігі орта білім комитетінің хабарлауынша, бүгінде 1-сыныпқа қабылдауға 249 737 өтініш түсті.

Экс-шенеунік Қазақстанға экстрадицияланды

Arna Press, 15 июня 2023 в 13:08

Экс-шенеунік Қазақстанға экстрадицияланды
Грузияның әділет Министрлігі лауазымдық құзыретін асыра пайдаланғаны және 50 млн теңгеден астам бюджет қаражатын ысырап қылғаны үшін күдікті деп танылған Тараз қаласы әкімінің бұрыңғы орынбасарын ұстап беру туралы Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасының сұрау салуын қанағаттандырды. — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Бас прокуратураға сілтеме жасапКүдікті қылмыс жасағаннан кейін қылмыстық қудалау органынан бой тасалаған, сондықтан оған қатысты халықаралық іздеу жарияланған.Қабылданған шаралардың нәтижесінде іздеуде жүрген тұлға Грузияда анықталып, ұсталды.«Грузиялық әріпестермен арадағы тығыз қарым-қатынастың нәтижесінде бүгін Бас прокуратура, Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің қызметкерлері Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің көмегімен күдіктіні қылмыстық жауапқа тарту үшін Қазақстанған әкелді», — делінген хабарламада.Қәзіргі уақытта, ол Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды.Жоғарыда көрсетілген қылмыстарды жасағаны үшін оған 12 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін.Сурет: Бас прокуратураның баспасөз қызметі таратқан видеодан скриншот

Допинг сынамасына байланысты Қазақстандық спортшы әлем чемпионатынан шеттетілді

Arna Press, 15 июня 2023 в 13:08

Допинг сынамасына байланысты Қазақстандық спортшы әлем чемпионатынан шеттетілді
Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов сынамасынан тыйым салынған заттар табылған соң, турнирлерден уақытша шеттетілді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengri Sport сайтына сілтеме жасап.«109 келі салмақ дәрежесінде Чинджу турнирінің күміс жүлдегері Артем Антропов Қазақстаннан жарыстан шеттетілген екінші бұрынғы әлем чемпионы.

23 –маусым Мемлекеттік қызметшілер күні

Магнолия, 15 июня 2023 в 11:18

23 –маусым Мемлекеттік қызметшілер күні
23 маусым Қазақстанның мемлекеттік қызметшілері кәсіби мерекелерін атап өтеді Мемлекеттік қызметшілердің әрқайсысының адал және тиімді жұмысы, қорытындылай келгенде, біздің мемлекетіміздің қалыптасуына және дамуына әсер етеді. Мемлекеттік қызметші өз еліндегі тікелей міндеттерін орындаудан басқа, отбасында, қоршаған ортаға, адамдармен ортақ тіл табысуға және жан-жақтыға үлгі болуға тиіс.

Абай облысындағы орман өрті оқшауланды

Arna Press, 14 июня 2023 в 22:28

Абай облысындағы орман өрті оқшауланды
Абай облысындағы орман өрті оқшауланды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2023 жылғы 14 маусымда сағат 21:00-де әуеден барлау және жедел жағдайды бағалау қорытындысы бойынша ТЖ вице-министрі генерал-майор Марат Күлдіков Абай облысындағы Семей орманы табиғи резерватының аумағындағы табиғи өрттің оқшауланғанын жариялады.Өрт толық жойылғанға дейін оқшауланған ошақтардың орындарына үнемі су төгу, сондай-ақ өрттің шетіне топырақ себу жүзеге асырылады.Сурет: ТЖД баспасөз қызметі

Мемлекет басшысы «1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 14 июня 2023 в 19:16

Мемлекет басшысы «1998 жылғы 24 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы мен Қасиетті Тақ арасындағы Өзара қатынастар туралы келісімге Қосымша келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Мемлекет басшысы «2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды

Akorda.kz (KZ), 14 июня 2023 в 19:16

Мемлекет басшысы «2010 жылғы 18 маусымдағы Кеден одағының кедендік аумағындағы еркін (арнайы, ерекше) экономикалық аймақтар және еркін кедендік аймақтың кедендік рәсімі мәселелері жөніндегі келісімге өзгерістер енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

В Қонаеве планируют построить НПЗ

kapital.kz, 13 июня 2023 в 16:36

В Қонаеве планируют построить НПЗ
Фото: Руслан ПряниковАкимат Алматинской области опубликовал на портале «Открытые НПА» проект Генерального плана города Қонаев. Документ будет находиться в публичном обсуждении до 27 июня 2023 года. Проект одобрен маслихатами города и Алматинской области, он прошел государственную экспертизу и получил положительное заключение, сообщает корреспондент центра деловой информации Kapital.kz.«Всего за проектный период до 2050 года инвестиции в развитие Қонаева составят 4 070 870,47 млн тенге, в том числе на первую очередь строительства до 2030 года – 1 800 226,56 млн тенге», — указывается в документе.Численность населения города до 2050 года предположительно составит 200,0 тыс. человек.

ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі

Arna Press, 13 июня 2023 в 15:18

ТЖМ бұрынғы басшысы Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізіледі
Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов мәжіліс кулуарында құқық қорғау органдары бұрынғы төтенше жағдайлар министрі Юрий Ильинге қатысты тексеріс жүргізетінін айтты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілеме жасап.Атап айтқанда, журналистер ІІМ басшысынан Ильинге қатысты жеке іс немесе тексеру жүргізу туралы сұрады.«Президент Бас прокурорға тапсырма берді, оның аясында тексеру жүргізіледі. Өрт дерегінің өзі төтенше жағдай, адамдар қаза болды, сондықтан қылмыстық іс аясында тексеру болады.

Қаза болған орманшылардың отбасыларына тұрғын үй беріледі

Arna Press, 13 июня 2023 в 13:28

Қаза болған орманшылардың отбасыларына тұрғын үй беріледі
ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Абай облысындағы ірі табиғи өрттерге қатысты ахуал қаралды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі премьер-министрдің сайтына сілтеме жасап.Министрлер кабинетінің басшысы өңірде өрт басталғалы оның ауданы тез ұлғайып, бірқатар елді мекенге қауіп төнгенін атап өтті.

«Қорқынышты кинодағыдай». Семейліктер орман өртін көріп, үрейленіп отыр

Arna Press, 12 июня 2023 в 21:38

Семей тұрғыны Сұлтанбек Саятұлы жұмыс бабымен Өскемен қаласынан қайтып келе жатқанда түсірген фото, бейнематериалдарын Arnapress.kz редакциясына жолдады.«Жолда ұйықтап кеткем. Жүргізуші оятып, айналаңа қара, деді. Құдды бір қорқынышты кинодағы эпизодты көргеней болдым. Аспан қара түтінге оранды. Алыстан қарап тұрған бізді үрей алды, ал өрт ішінде жүрген жігіттер мен жақын орналасқан ауыл тұрғындары қандай сезімде екенін ойлаудың өзі қорқынышты», деді семейлік.Жергілікті атқарушы орган өкілдері хабарланғандай, елді мекендерге төнетін барлық қауіп өрт сөндірушілердің жедел іс-әрекеті нәтижесінде барынша азайтылады.

Сырым Шәріпханов ТЖ орнындағы күштер мен құралдардың жұмысы туралы айтты

Arna Press, 12 июня 2023 в 15:48

Сырым Шәріпханов ТЖ орнындағы күштер мен құралдардың жұмысы туралы айтты
Төтенше жағдайлар министрі Сырым Шәріпханов Абай облысындағы өрт жағдайы туралы айтып берді– деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның айтуынша, қазіргі уақытта жағдай тұрақты және бақылауда.«Температураның жоғарылауына және екпінді желге байланысты өрттің таралуының қаупі бар, алайда бізде өртті оқшаулау үшін күштер мен құралдардың тобы жеткілікті», — деді министр.Естеріңізге сала кетсек, орман өртін сөндіруге ТЖМ, Орман шаруашылығы комитеті, жергілікті атқарушы органдар, Қорғаныс министрлігі мен ІІМ-нен 1500-ге жуық адам, 300-ден астам техника жұмылдырылды.

Жетісу облысы тұрғындарына Абай өңіріндегі өртке байланысты ескерту жасалды

Arna Press, 12 июня 2023 в 15:48

Жетісу облысы тұрғындарына Абай өңіріндегі өртке байланысты ескерту жасалды
Жетісу облысының ТЖД өкілдері облыс тұрғындарына Абай облысындағы өртке байланысты ескерту жасады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.«Құрметті Жетісу облысының тұрғындары мен қонақтары! Абай облысының аумағындағы ірі орман өртінің салдарынан жел бағытының өзгеруі нәтижесінде Жетісу облысының бірнеше аудандарының аумағы қалың түтінмен жабылды.

Сарыағашта «Ұстау» жоспары жарияланды: түрмеден күдікті қашып кетті

Arna Press, 12 июня 2023 в 14:58

Сарыағашта
11 маусым күні Түркістан облысы Сарыағаш полиция бөлімшесінен күдікті қашып кетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазіргі уақытта жедел-іздестіру шаралары жүргізілуде. Қашып кеткен азаматты іздеуге Түркістан облысы ПД бүкіл жеке құрамы жұмылдырылды. «Ұстау» жоспары жарияланды.«Сарыағаш қаласы мен облыстың кіреберісі мен шығатын жерлеріне бекеттер қойылды.

Банкроттық мәселесі: төлем қабілетін қалпына келтіру үшін не істеу керек? 12 июня 2023, 14:28

Tengrinews, 12 июня 2023 в 14:43

Банкроттық мәселесі: төлем қабілетін қалпына келтіру үшін не істеу керек?
                12 июня 2023, 14:28
Биыл сәуірде банкке берешегін өтей алмай жүрген 2 мыңнан аса адам бары айтылды. Ал маусымда банкроттыққа 54 мың арыз қабылданғаны белгілі болды. Банкроттық бойынша қай өңір көш бастап тұр? Банкрот деп тануға өтінім бергенде қандай құжат дайындап, қайда жүгінуі керек? Massaget.kz тілшісі бұл сұрақтарға қатысты Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне сауал жолдады.

ТЖМ: «Абай облысының елді мекендеріне қауіп жоқ»

Arna Press, 12 июня 2023 в 13:08

ТЖМ:
Минералдандырылған жолақтар жасау жұмыстары қолжетімділігі қиын болуына байланысты тоқтатылды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Елді мекендерге қауіп жоқ.Өртті сөндіру жұмыстары басталғалы бері өрт ошақтарына әуеден 777 рет жалпы көлемі 2000 астам тонна су төгілді.Талица ауылына қарай тараған өрт дала аумағына шығып, сөндірілді.

Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды

Arna Press, 12 июня 2023 в 12:18

Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды
Аружан Саин бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.«Мемлекет басшысының өкімімен Аружан Саин Қазақстан Республикасындағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатылды», — делінген Жарлықта.Аружан Саин Қазақстандағы бала құқықтары жөніндегі уәкіл болып 2019 жылы тағайындалған болатын.Оның орнына президент өкімімен Зәкиева Динара Болатқызы тағайындалды.Динара Зәкиева 1982 жылы дүниеге келген.Бейжің Тіл және мәдениет институтын (Қытай 2001 жылы), Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетін «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (2002 жылы), Ресей Федерациясы Сыртқы істер министрлігінің Дипломатиялық академиясын «Халықаралық құқық» мамандығы бойынша (Мәскеу, 2004 жылы); MBA Hult international business school (Дубай 2013 жылы) бітірген.2021 жылғы 15 қаңтардан Парламент Мәжілісінің жетінші шақырылымының депутаты болды.Сурет: zakon.kz

Мемлекет басшысының өкімімен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды

Akorda.kz (KZ), 12 июня 2023 в 11:36

Мемлекет басшысының өкімімен Светлана Қабыкенқызы Жақыпова Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Халықтың әлеуметтік жағынан осал санаттарының құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымына тағайындалды
Қазақстан Республикасы ПрезидентініңҚазақстан Республикасы Президентінің

Қаза болған орманшылар «Құрмет» орденімен наградталды

Arna Press, 11 июня 2023 в 21:48

Қаза болған орманшылар
Мемлекет басшысының Жарлығымен Абай облысында орын алған төтенше жағдайда көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін «Құрмет» орденімен марапатталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі aqorda_resmi каналына сілтеме жасап.Президенттің арнайы Жарлығы шықты. 1. Тоқтасын Серікжан Бақытбекұлы (марқұм) – «Семей орманы» МОТР» РММ Новошульба филиалының инженері;2.
Показано 30 новостей из 4 820