Популярные темы

Алматы тауларында жоғалып кеткен турист құтқарылды

Дата: 28 мая 2024 в 11:18 Категория: Новости туризма


Алматы тауларында жоғалып кеткен турист құтқарылды
Стоковые изображения от Depositphotos

Қарасай ауданында Үлкен Алматы шыңы аймағында таудан түсіп бара жатып адасып кеткен 20 жастағы жігітті іздестіру жұмыстары жүргізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Республикалық жедел-құтқару жасағының құтқарушылары кинологиялық топтың көмегімен дереу іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады.

«Жедел іздестіру тобының жүргізген шараларының арқасында ер адам Алма-Арасан шатқалынан табылды, оған медициналық көмек қажет емес болды», — делінген хабарламада.

Сурет: ҚР ТЖМ

 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Новости туризма
Поделитесь новостью с друзьями