Популярные темы

Қазақстанда 120 млн теңгенің контрабандалық мұнай өнімдері тасымалданған вагондар анықталды

Дата: 09 октября 2024 в 12:18 Категория: Соңғы жаңалықтар қазақша


Қазақстанда 120 млн теңгенің контрабандалық мұнай өнімдері тасымалданған вагондар анықталды
Стоковые изображения от Depositphotos

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері мұнай өнімдерінің ірі контрабандасы арнасын жойды, -деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомствоның ақпараттық медиа-порталына сілтеме жасап.

ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес бөлінісінің қызметкерлері мұнай өнімдерінің ірі контрабандасы арнасын жойды. ІІМ мәліметінше, жедел іс-шаралардың нәтижесінде шекарадан шығаруға арналған 10-нан астам вагон-цистерна табылды. Іргелес мемлекеттің аумағына жөнелтілмек болған вагондарда құны 120 млн теңгеден асатын 750 тоннадан астам мұнай өнімі болған. Олар тоқтатылып, тергеу жүргізу үшін тәркіленді.

«Мұнай өнімдерін тиісті рұқсат құжаттарынсыз тасымалдау фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жедел-тергеу іс-шараларының кешені жүргізілуде», — деді ІІМ ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес департаментінің басқарма бастығы Қуандық Алпыс

Айта кетейік, 1 млрд теңгеден астам шығын келтіріп, Ұлытау облысында марганец рудасы заңсыз өндірілгені белгілі болған еді. Сонымен қатар Қазақстанға бұрыш пен бұршақ түрінде 195 мың қорап темекі заңсыз тасымалданбақ болған.

Сурет: ІІМ 

По сообщению сайта Arna Press

Тэги новости: Соңғы жаңалықтар қазақша
Поделитесь новостью с друзьями