Стоковые изображения от Depositphotos Бүгін, Тараз қаласы №2 сотының мәжіліс залында мемлекеттік орган өкілдерінің қатысуымен мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейтуге бағытталған дөңгелек үстел өтті.
Іс шара барысында мемлекеттік тілді жан-жақты дамытуға назар аудару, казақ тілінің мемлекеттік дәрежесін нығайту және оның әлеуметтік — коммуникативтік міндеттерін кеңейту, азаматтарымыздың, этникалық қауым өкілдерінің қазақ тілін мемлекеттік тіл ретінде еркін меңгеруін калыптастыру мәселелері қозғалды.
2023-2024 жылдардағы қылмыстық істер мен материалдардың статистикалық көрсеткіші де талқыланып, сот төрағасы Е.Дүйсенбаев биылғы 5 айдың қорытындысы бойынша сотқа келіп түскен қылмыстық істер саны — 201, оның ішінде мемлекеттік тілдегісі — 127, яғни 63%-ды ғана құрап отырғанын, ал 5 айдың ішінде түскен 907 материалдың небәрі 466-сы ғана казақ тілінде ресімделіп, 51%-ды ғана құрағанын айтып, бұл нәтиже өте төмен көрсеткіш екенін ескертіп, тіл мәртебесін көтеруді күнделікті қызмет бабындағы құжаттық айналымдар аясында да назарға алу, яғни құжаттардың мемлекеттік тілде дайындалуын барлық органдар арасында қолға алуды тапсырды. Алдағы уақытта сотқа түсетін істер мен материалдар, сонымен катар құжаттар айналымы ҚР ҚПК-нің 30-бабының талаптарына, Тіл туралы заңнаманың 4-бабының заңдылықтарына сәйкес келмеген жағдайда тиісінше жеке қаулылар шығарылып отыратыны туралы қатаң ескертілді. Бұл тапсырма соттың жіті кадағалауы мен тексеруінде тұратын болады.
Денгелек үстелге катысушылар өз ойларымен бөлісіп, жиын барысында туындаған сұрақтар жан-жақты талқыланды.
Тараз қаласы №2 сотының баспасөз қызметі
По сообщению сайта Магнолия