Популярные темы

Абай облысында шетелдік тау-кен байыту комбинаты салынуы мүмкін

Дата: 09 апреля 2025 в 16:18


Абай облысында шетелдік тау-кен байыту комбинаты салынуы мүмкін
Стоковые изображения от Depositphotos

Өңір басшысы Берік Уәли шет елдік инвесторлармен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Түркияның «Miryidiz Mining» компаниясының өкілдері аймақ басшысына «Жанан» жобасын таныстырды. Шет елдік компания облыс аумағында тау-кен байыту комбинатын салуды жоспарлап отыр. Инвестиция көлемі 482 миллион АҚШ долларын құрайды.

Инвесторлар өткен жылы облысқа заңды тұлға ретінде тіркелген. Тиісті барлау жұмыстарын жүргізіп, өндірістік нысандарға қажет жабдықтарды сатып алған. Компания өкілдері облыс әкіміне жұмысты бастауға дайын екенін, тек жерді рәсімдеуге байланысты қиындықтар туындап отырғанын жеткізіп, көмек көрсетуді сұрады.

Аймақ басшысы өндірістік жобаның облыс экономикасы үшін маңызы жоғары екенін атап өтті.

«Бұл – біздің облыс үшін үлкен инвестиция. Жоба жүзеге асқанда 2 мыңға жуық жұмыс орындары ашылады. Бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында өңірге әлеуметтік нысандар салуға шақырамыз. Біз сіздерді барлық жағынан қолдауға дайынбыз. Құжат рәсімдеуге байланысты кедергілерді шешу жолдарын қарастырамыз. Көмектесеміз», — деді облыс әкімі.

Инвесторлар аймақ басшысының ұсынысын қолдап, жоба жүзеге асса мектеп, аурухана сынды нысандарды салуға дайын екенін білдірді.

Сурет: Абай облысы әкімінің баспасөз қызметі

По сообщению сайта Arna Press

Поделитесь новостью с друзьями