SportInfo,
вчера
в 12:46
Бахрейннің Манама қаласында ардагерлер арасындағы әлем чемпионаты аяқталды. 2000 жылғы Сидней Олимпиадасына қатысқан қазақстандық спортшы Наталья Гончарова әйелдер арасындағы шпагадан 50 жастан асқандар арасында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Қазақстан семсерлесу федерациясы сілтеме жасап хабарлайды.
SportInfo,
вчера
в 12:16
Қазақстан семсерлесу федерациясы шпагашы Руслан Құрбановқа Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері атағы берілгенін хабарлайды. Бұл атақ келесі жетістіктерге жеткен спортшыларға беріледі:. 1. Олимпиада ойындары — ересектер арасында 1, 2 немесе 3 орын. 2. Әлем чемпионаттары — ересектер арасында 1 немесе 2 орын.
SportInfo,
вчера
в 10:36
Сборная Италии проиграла дома Норвегии со счётом 1:4, сообщает Sportinfo.kz. Как отмечает портал Football FUN, сборная Норвегии не просто вышла на чемпионат мира с 1-го места в своей группе – она сделала это со стопроцентным результатом. «Викинги» выиграли все 8 матчей в рамках группового этапа отбора.
SportInfo,
06 ноября 2025
в 09:06
28 жастағы жартылай қорғаушыға басқа командалардан ұсыныстар келіп түсуде. Бұл туралы Sportinfo.kz ақпарат агенттігі Aladop.kz сілтеме жасап хабарлайды. Валерийдің өзі Түркия Суперлигасында бақ сынап көруге қарсы емес екен. Осы себептенде беларус «Қайраттағы» келісім шартын ұзартуға асықпай отыр. Айта кетейік, Громыко «Қайрат» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді.
SportInfo,
28 октября 2025
в 12:06
Астанада ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 2-ші шахмат Олимпиадасы FIDE-1 командасының жеңісімен аяқталды. Күміс медаль – алғашқы Олимпиаданың жеңімпазы Польша құрамасына, ал қола – Израиль командасына бұйырды. Ерекше қажеттіліктері бар адамдарға арналған 2-ші шахмат Олимпиадасының (2nd Chess Olympiad for People with Disabilities) соңғы, 6-шы туры 25 қазанда өтті.
EKaraganda.kz,
25 октября 2025
в 20:06
С 2024 года в стране внедряются интеллектуальные системы мониторинга, включая геоинформационные платформы и ИИ-аналитику, что позволило значительно повысить оперативность реагирования на ЧС. В регионах установлены камеры видеонаблюдения, которые в реальном времени контролируют пожароопасную обстановку.Параллельно идет активное развитие инфраструктуры.
EKaraganda.kz,
21 октября 2025
в 19:35
По его словам, в системе МЧС внедрены геоинформационные системы и аналитика на базе искусственного интеллекта для мониторинга чрезвычайных ситуаций. Для контроля пожароопасной обстановки во всех регионах выведены камеры видеонаблюдения. «Во всех регионах активно проводится строительство и реновация пожарных депо и спасательных станций.
SportInfo,
16 октября 2025
в 18:16
2025 жылғы 15-26 қараша аралығында Жапонияның Токио қаласында ХХV Жазғы Сурдлимпиада ойындары өтеді. Дода басталуына тура 30 күн қалды. Қазақстан ұлттық құрамасы сегіз спорт түрі бойынша өнер көрсетеді: жеңіл атлетика, жүзу, дзюдо, грек-рим және еркін күрес, үстел теннисі, бадминтон және таэквондо. Ұлттық командалар төртжылдықтың басты додасына дайындықты аяқтап жатыр. Қараша айында қорытынды оқу-жаттығу жиындары өтуде:.
SportInfo,
09 октября 2025
в 11:36
Бүгін Әзірбайжанда III ТМД елдері ойындары мәресіне жетті, деп хабарлайды ҚР Туризм және спорт министрлігі Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі. Жеті қалада қатар өткен кешенді жарыста Қазақстан құрамасының спортшылары 10 алтын, 24 күміс, 48 қола (барлығы 82) медаль жеңіп алып, жалпыкомандалық есепте 5-орыннан көрінді.
Vesti.kz,
08 октября 2025
в 16:12
Водителя автобуса уволили за то, что он вышел на работу в футболке «Ливерпуля», передают Vesti.kz.Молодой водитель по имени Исаак, ярый болельщик английского гранда, пришел на смену в фирменной футболке своего клуба – и это обернулось для него настоящим кошмаром.Инцидент произошёл 4 октября, в день, когда «Ливерпуль» встречался с «Челси» в 7-м туре АПЛ.
Arna Press,
07 октября 2025
в 20:58
Семейде жаңа автобус түк қалмай өртеніп кетті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Белгілі болғандай Холодный ключ ауданындағы Текстильная көшесінде, аялдамаға келгенде автобустан өрт шыққан. Өрт сөндірушілер келген кезде автобустың барлық бөлігін от шарпыған.«ТЖМ қызметкерлерінің жедел жұмысының арқасында өрт 24 ш.м. аумақта толығымен сөндірілді.
Arna Press,
07 октября 2025
в 20:58
Абай гарнизонында орналасқан 36803 әскери бөлімінің жеке құрамы «Шығыс» түраралық оқу-жаттығу полигонында жауынгерлік шеберліктерін шыңдайтын далалық оқу-жаттығуларын өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Гарнизонның баспасөз қызметінің хабарлауынша оқу-жаттығу барысында әскерилер жауынгерлік машинадан атуда және атысты басқаруды ұйымдастыруда өздерінің тәжірибелік дағдыларын жетілдірді.Тактикалық оқу-жаттығуына дайындалу алдын ала жүзеге асырылды.
Arna Press,
06 октября 2025
в 17:18
Абай облысында егіс алқабы 22 мың гектарға артты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі күзгі дала жұмыстарын жүргізу барысы қаралды.«Биыл облыс бойынша егіс алқабы 782,1 мың гектарды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 22 мың гектарға артты.
Arna Press,
06 октября 2025
в 14:28
Абай облысында «Дәрмек» жедел-профилактикалық іс-шарасы өті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның аясында полиция қызметкерлері есірткі құралдарының, психотроптық заттардың және прекурсорлардың заңсыз айналымын анықтау және жолын кесу бағытында бірқатар тексерістер жүргізді. Іс-шара қорытындысы бойынша есірткі құралдары мен психотроптық заттар сақталатын үй-жайлардың техникалық нығайтылу талаптарын бұзғаны үшін 3 әкімшілік хаттама, фармацевтикалық қызметті және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымын жүзеге асыру қағидаларын бұзғаны үшін 1 әкімшілік хаттама, заңсыз медициналық және фармацевтикалық қызмет жүргізгені үшін 1 әкімшілік хаттама толтырылды.
Arna Press,
06 октября 2025
в 12:08
«Жасыл ел» бағдарламасы аясында 1000 жас маусымдық жұмыспен қамтылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. -Жастар саясаты аясында облысымызда ірі жобалар жүзеге асырылды. «ASK CAMP» республикалық форумы, «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранттары, «240 сағат ауылда» жобасы, сондай-ақ Абай Құнанбайұлының 180 жылдығына арналған мәдени-рухани шаралар жастардың белсенділігін арттырып, олардың әлеуетін ашуға мүмкіндік берді. Әсіресе, экологиялық акцияларға, интеллектуалдық ойындарға және волонтерлік қозғалыстарға жастардың кеңінен қатысқанын атап өтуге тұрарлық, – деді басқарма басшысы.
Arna Press,
04 октября 2025
в 17:48
Абай облысында қыркүйек-қараша айлары аралығында өтіп жатқан «Учаске» республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында 9 820 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте облыстық полиция департаменті жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы, полиция полковнигі Әсет Өтепов мәлімдеді.
Arna Press,
04 октября 2025
в 16:48
Қазақстанда Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан (МӘСҚ) төленетін әлеуметтік төлемдер ұлғайтылады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.2026 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрын тағайындалған еңбекке қабілеттілігінен айырылу және асыраушысынан айырылу бойынша төлемдер 10 пайызға индекстеледі.
Arna Press,
04 октября 2025
в 16:48
Омбы–Майқапшағай трассасында адам өлімімен аяқталған жол апаттары болды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.3 қазан күні Омбы–Майқапшағай трассасында бірнеше жол-көлік оқиғасы тіркеліп, адам өліміне әкелді. Қайғылы жағдайлардың себебі – жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу.Қарсы жолаққа шығып, тұтас сызықпен белгіленген жерде бұрылғанның салдарынан төрт адам қаза тапты.
Arna Press,
04 октября 2025
в 15:48
Шымкенттің бұрынғы әкімінің орынбасары Руслан Берденов «Алматы қаласын дамыту орталығы» ұйымының бас директоры болып тағайындалды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы оның әріптесі, қоғам белсендісі Бейбіт Әлібеков 4 қазан күні өзінің Telegram-арнасында жазды.«Бұл — жобалық кеңсе.
Arna Press,
04 октября 2025
в 15:48
Аягөзде 10 төсектік реанимация бөлімшесі салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аудандық аурухана 1976 жылы пайдалануға берілген. Медициналық нысан 220 төсек-орындық стационарымен және ауданға қарасты емдеу мекемелерімен халыққа қызмет көрсетіп отыр.
Arna Press,
29 сентября 2025
в 15:28
Семей қаласында тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыру және қолайлы орта қалыптастыру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.2025 жылы қала бойынша 35 аула аумағын абаттандыру жоспарланған.Бүгінде жұмыстар бекітілген кестеге сәйкес қарқынды түрде жүргізілуде.
Arna Press,
29 сентября 2025
в 13:28
Қазақстан президентінің көмекшісі – баспасөз хатшысы Руслан Желдібайдың айтуынша, елдегі соңғы кадрлық ауыс-түйістер қалыпты кадрлық ротация, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Оның сөзінше, бұл өзгерістердің мақсаты – мемлекеттік қызметтің ең маңызды бағыттарындағы жұмыстың тиімділігін арттыру.«Мемлекет басшысы жуырдағы Жолдауында ұлттық экономикаға түсетін инвестиция көлемін арттыруды басым міндеттің бірі ретінде белгіледі.Бұл маңызды сала тәжірибелі дипломат Мұрат Нұртілеуге жүктелді.
Arna Press,
25 сентября 2025
в 12:28
Семей қаласы Шугаев көшесіндегі сауда үйінде өрт шықты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ТЖМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Белгілі болғандай, төрт қабатты сауда орталығының төртінші қабатында орналасқан дәмхана бөлмесінде өрт шықты.«Өрт сөндірушілер шұғыл жетіп, жалынның ғимаратқа таралуына жол бермеді. Өрт толығымен сөндірілді, зардап шеккендер жоқ.
Arna Press,
25 сентября 2025
в 12:28
Абай облысының 5 мыңнан астам азаматы жаңа үлгідегі паспорт алды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Шілде айының ортасынан бастап Қазақстан Республикасының азаматтары жаңа қорғаныс элементтерімен жабдықталған паспорттарды ала бастады.Бұл өзгеріс азаматтардың жеке деректерін қорғау деңгейін арттыру, құжаттарды қолдан жасаудан сақтау мақсатында енгізілді.«Жеке басты куәландыратын құжаттар туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 26-бабына сәйкес, Ішкі істер министрлігі азаматтардың паспорттары мен азаматтығы жоқ адамның куәлігін қорғауға қойылатын талаптарды жетілдіру бойынша жұмыс жүргізіп, жаңа қорғаныш элементтерін енгізуді пысықтады.Соның нәтижесінде, Қазақстан азаматының паспорты мен азаматтығы жоқ адамның куәлігінің 2-бетіне қорғаныш голографиялық пленкаға салынған барыс бейнесі бар HDM-элементі (жоғары ажыратымдылық металдандыру элементі) орналастырылады.
Arna Press,
24 сентября 2025
в 19:18
Семейде әскери оркестр қала көшелерінде өнер көрсетуде, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала күні аясында Ұлттық әскери-патриоттық орталығы Семей қалалық филиалының әскери оркестрі мен Құрмет қарауыл ротасы аспалы көпірдің астында өз өнерлерін паш етті.Шара барысында оркестрдің әуендері әсем әуезге толы болып, қала тұрғындарына патриоттық рух сыйлады. Құрмет қарауылының саптық қимылдары мен әскери дәстүрді дәріптейтін қойылымдары мерекелік кештің сәнін кіргізді.Айта кетейік, мерекелік бағдарлама бұнымен шектелмейді.
Arna Press,
24 сентября 2025
в 19:18
23 қыркүйектен бастап «Қарағанды – Семей – Қарағанды» бағытында әуе рейсі ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жолаушыларды сыйымдылығы 50 орындық «Bombardier CRJ200» ұшағы тасымалдай бастады. Субсидияланған рейсті «SCAT» әуе компаниясы жүзеге асырады.
Arna Press,
22 сентября 2025
в 19:28
Абай облысында қыркүйек айының 15-30 аралығында «Қауіпсіз жол» атты жедел-профилактикалық іс-шара өтіп жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Іс-шараның мақсаты – жол қозғалысы қатысушылары арасында тәртіпті нығайту, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жолда қауіпсіздікті қамтамасыз ету.
Arna Press,
19 сентября 2025
в 18:38
Семейдің театр актерлері халықаралық фестивальдерде жеңіс тұғырынан көрінді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Семейдегі Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының құрамындағы «Дариға-ай» жастар театры Ұлытау елінде, Жезқазған сахнасында Жанат Хаджиев атындағы IV халықаралық театр фестивалінде өнер көрсетіп, Оралхан Бөкейдің «Өз отыңды өшірме» спектаклімен бас жүлде және «Үздік спектакль» номинациясына ие болды.Ал, Абай атындағы қазақ музыкалық драма театрының ұжымы Жетісу жерінде, Талдықорған төрінде өткен Қазақ КСР-нің халық әртісі Бекен Римова атындағы «БИКЕН FEST» III халықаралық театр фестивалінде «Абай айтқан «Еңлік-Кебек» спектаклімен бас жүлдені жеңіп алды.Бүгін облыс әкімі Берік Уәли халықаралық фестивальде қос бірдей қомақты жүлдеге қол жеткізген театр актерлерімен кездесті.
Arna Press,
18 сентября 2025
в 19:48
Биыл құрылыс басқармасы 79 жобаны әзірлеуде. Оның 33-і меморандум аясында жүзеге асырылуда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі.Өңірлік коммуникациялар қызметінеде әлеуметтік нысандарды жобалау бойынша Абай облысы құрлыс басқармасының басшысы Шыңғыс Риахановтың қатысуымен брифинг өтті.Бүгінде облыста денсаулық сақтау бағыты бойынша 21 жоба қолға алынған.
Arna Press,
18 сентября 2025
в 16:58
24 қыркүйектен бастап 2011 жылғы үлгідегі 5000 теңгелік банкноттарды дүкендерде және қызмет ақысын төлеу кезінде қабылдамайды, – деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.Ескі және жаңа 5000 теңгелік купюралар 2025 жылғы 24 қыркүйекке дейін қатар айналымда болады және оларды барлық жерде қабылдауға міндетті.