Arna Press,
08 августа 2024
в 10:18
Қазақстандық кинотеатрларда кәмелетке толмағандардың киносеанстарға кіруін бақылау күшейтілді. Қазақстандықтар кинотеатрларға балаларды олардың ересек аға-әпкелерімен бірге кіргізбейтіндігіне шағымданды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Тengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Алматы кинотеатрларының бірінде бұл Әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңның 132-бабына сәйкес жүзеге асырылатынын айтты.
Arna Press,
06 августа 2024
в 22:38
Қазанда коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу ережесі күшіне енеді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап. 1 қазанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне кредит беру кезінде тәуекелдерді барынша азайту, қарыз алушылардың құқықтарын қорғау, қаржы нарығын реттеуді және атқарушылық іс жүргізуді жетілдіру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» 2024 жылғы 19 маусымдағы ҚР Заңын іске асыру үшін әзірленген Коллекторлық агенттіктердің жеке тұлғалардың берешегін реттеу қағидалары күшіне енеді.Жаңа қағидаларға сәйкес, коллекторлық агенттік банктік қарыз шарты немесе микрокредит беру туралы шарт бойынша құқықтарды (талаптарды) сатып алған сәттен бастап 30 күн ішінде борышкерге оның міндеттемені орындау талаптарын өзгертуге өтініш беру құқығы туралы хабарлауға міндетті болады.«Азаматтардың биылғы 1 қазанға дейін сатып алынған берешегі бойынша коллекторлық агенттіктер берешекті реттеу рәсімін өткізу туралы міндет енгізілген сәттен бастап 20 күн ішінде (биыл 1 қазан) өз борышкерлерін міндеттемені орындау талаптарын өзгерту туралы тиісті өтініш беру құқығы туралы хабардар етуге міндетті болады», — делінген хабарламада.Борышкер хабарламаны алғаннан кейін кез келген уақытта міндеттемелерді орындамау себебін, сондай-ақ берешекті реттеудің өз нұсқаларын көрсете отырып, коллекторлық агенттікке тиісті өтінішпен жүгінуге құқылы. Өтінішке міндетті түрде кірістердің төмендегенін және өз міндеттемелерін орындай алмайтындығын куәландыратын растайтын құжаттар қоса берілуі керек.Егер борышкер мәліметтер мен құжаттарды толық көлемде өткізбесе, онда коллекторлық агенттік 10 жұмыс күні ішінде қосымша мәліметтерді сұратады, бұл ретте борышкердің оларды ұсыну мерзімін 5 жұмыс күні деп көрсетеді. Құжаттарды тиісті мерзімде ұсынбау – борышкердің өтінішін қараусыз қалдыру үшін негіз.Толық құжаттар топтамасын ұсынғаннан кейін коллекторлық агенттік өтінішті күнтізбелік 15 күн ішінде қарайды және мыналар туралы:қарыз алушы ұсынған міндеттемелерді орындаудың талаптарына өзгерістермен келісетіні;міндеттемелерді орындау талаптарын өзгерту бойынша қарсы ұсынысы;бас тарту себептерінің уәжді негіздемесін көрсете отырып, міндеттемені орындау талаптарын өзгертуден бас тартатыны туралы жауапты ұсынады.«Шешім қабылдау кезінде коллекторлық агенттік борышкерлер санаты (мысалы, ресми жұмыссыз, халықтың әлеуметтік осал топтарының өкілдері), қажетті құжаттар тізбесі және борыш жүктемесін азайту жөніндегі шаралар айқындалатын ішкі құжаттарды басшылыққа алады.
Arna Press,
06 августа 2024
в 11:38
29-30 маусым аралығында Астана қаласында Шинкиокушинкай Каратэден «Astana Cup 2024» халықаралық турнирі өтті. Турнирге қатысқан облысымыздың жас спортшылары үздік нәтиже көрсетіп, бір алтын, екі күміс және бір қола жеңіп алды. Турнирдің алтыны Алинұр Сағатбековке (Семей қаласының №3 мектебі) бұйырды. Іңкәр Секей (Семей қаласының №3 мектебі) және Артем Плотниковқа (Семей қаласының №10 мектебі) күміске қол жеткізсе, қола медальді Айдос Мазанбеков (Семей қаласының №49 мектебі) иеленді.
Arna Press,
02 августа 2024
в 17:58
2 тамызда Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі Ақпараттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы Руслан Әбдіқалықов Қазақстанда электрондық цифрлық қолтаңбаны беруді өзгеретінін мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Спикер файлдық тасымалдағышқа электрондық цифрлық қолтаңбаны беруден бас тарту мәселесін қарау жоспарланып отырғанын хабарлады.«Енді білесіздер, биометриялық сәйкестендіру белсенді дамып жатыр, яғни бұл бұлтқа негізделген цифрлық қолтаңба.
Arna Press,
01 августа 2024
в 20:08
Биыл Абай облысында жаңа бизнес-идеяларды іске асыруға 204 грант беру жоспарлануда, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Субсидияланатын (уақытша) жұмыс орындарында 5 789 адам жұмысқа орналастырылды, бұл есепті кезеңнің жоспарынан 107,8%-ға артық болса, жылдық жоспардың 98,6%-ын құрайды.
Arna Press,
01 августа 2024
в 17:08
Нұртас Адамбайға қатысты сот кейінге қалдырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Әртіске қатысты сот нақты қашан өтетіні белгісіз.«Нұртас Адамбаевтың ісі бойынша сот отырысы белгісіз уақытқа кейінге қалдырылды. Ешқандай процесс өткен жоқ», — деп хабарлады соттың баспасөз қызметі.Еске салайық, Нұртас Адамбайға діни қызмет туралы заңды бұзды деген айып тағылған болатын.Іс Астананың әкімшілік құқық бұзушылық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында қаралып жатыр.
Уральская Неделя,
29 июля 2024
в 14:33
Общественники приглашают всех, «кто готов сказать «нет» радиации и пропагандистам строительства атомной электростанции в Казахстане, объединиться на платформе «АЭС-Керек емес!». Они также намерены подготовить к предстоящему референдуму наблюдателей, чтобы голосование «за» или «против» развития атомной энергетики прошло прозрачно и честно, и его результаты не были сфальсифицированы.Заявление о создании единой платформы противников строительства АЭС в Казахстане инициировал ОФ «Социально-экологический фонд», который на протяжении более 10 лет занимается вопросами антиядерной тематики.Сам текст заявления ОФ «Социально-экологический фонд» звучит так:
Arna Press,
26 июля 2024
в 16:08
Олжас Бектенов «Семей орманындағы» өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру жұмыстарын тексеріп, орман ағаштарын заңсыз кесуге қарсы күресті күшейтуді тапсырды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Үкімет үйінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Премьер-Министр Олжас Бектенов Абай облысына жұмыс сапары аясында «Семей орманы» табиғи резерваты аумағын әуеден тексеріп, Мемлекет басшысының өртенген қарағайлы орманды қалпына келтіру және өрттің алдын алу, орман шаруашылығындағы мәселелерді шешу жөніндегі тапсырмаларының орындалуын тексерді.
Arna Press,
12 июля 2024
в 14:08
Ағымдағы жылдың шілдесінде Астана, Шымкент қалаларында, Атырау, Жамбыл облыстарында ҰҚК прокуратураның үйлестіруімен және полиция көмегімен діни радикалдардың әрекеттерінің жолын кесу бойынша іс-шара өткізді, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ҰҚК баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жедел қызметкерлер террористік әрекеттерге қатысуға, терроризмді насихаттауға, экстремистік әрекеттерді ұйымдастыруға және осы мақсатта адамдарды тартуға күдікті ретінде Қазақстанның 4 азаматын мен 1 шетелдікті ұстады және қамауға алды.Олардың тұрғылықты жерлерінен көптеген діни-экстремистік әдебиеттер мен өзге де заттай дәлелдемелер алынды.Айта кету керек, күдіктілердің бірі бұған дейін шет мемлекеттің аумағында соғыс әрекеттеріне қатысып, ол үшін Қазақстанда сотталған болатын.Тағы екеуіне қатысты «ауыр» есірткіні үнемі қолданғаны туралы ақпарат тексерілуде.Қылмыстық кодекстің 256, 257, 259 және 405-баптары бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабының 1-бөлігіне сәйкес өзге де ақпарат жария етілуге жатпайды.Сурет: ҰҚК баспасөз қызметі
Arna Press,
09 июля 2024
в 13:58
Астана халықаралық әуежайы атауын және әуежайдың үш әріптік кодын (NQZ) өзгерту жоспарда бар ма?, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.2020 жылы Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайының үш әріптен тұратын коды TSE-ден NQZ-ге ресми түрде өзгертілді. Кодтағы N — Nursultan Nazarbayev airport және елорда атауы Нұрсұлтан дегенді білдіреді.
Магнолия,
01 июля 2024
в 18:18
Мемлекеттік қызметкер — мемлекеттік органда белгіленген тәртіппен ақы төленетін қызметті иеленген және мемлекеттің міндеттері мен қызметін іске асыру мақсатында қызметтік өкілеттігін жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы. Мемлекеттік қызметкерлер екі түрге бөлінеді: саяси және әкімшілік қызметкерлер.
Arna Press,
24 июня 2024
в 13:18
Бүгін, 2024 жылдың 24 маусымында Қазақстанның Су ресурстары және ирригация министрлігі Солтүстік Арал теңізіндегі су деңгейі туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.2024 жылдың басынан Солтүстік Арал теңізіне 1,1 млрд текше метр су келді. Осылайша, бүгінде Солтүстік Аралдағы су көлемі 21,4 млрд текше метрге жетті.Құрамына Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан кіретін Мемлекетаралық су шаруашылығы комиссиясының 86-шы отырысында тараптар суару маусымында Солтүстік Аралға ағын секундына кемінде 30 текше метр болады және 997 млн текше метр су жіберіледі деп келісті. Қазір теңізге секундына 50 текше метр су келеді.
EKaraganda.kz,
21 июня 2024
в 13:55
Торжественное мероприятие прошло на строевом плацу воинской части 52859. В мероприятии приняли участие родственники М.Мамраева, а именно дочь героя – Мамраева Клара, представители акимата района имени Алихан Бокейхана, депутаты городского маслихата, руководство департамента по чрезвычайным ситуациям Карагандинской области, почетные ветераны гражданской обороны, директоры школ.В ходе мероприятия гостям организована выставка специальной автотехники, показные занятия по спасательной подготовке с примением альпинистких снаряжений.
Arna Press,
20 июня 2024
в 14:28
Бүгін, 2024 жылдың 20 маусымында Қазақстанда вейптерді сатуға тыйым салатын заң нормалары күшіне енді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.19 сәуірде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне денсаулық сақтау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.Құжатқа сәйкес, Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі енді 301-1-баппен «Темекі шегуге болмайтын темекі бұйымдарын, электронды тұтыну жүйелерін (вэйптарды), хош иістендіргіштер мен оларға арналған сұйықтықтарды айналымы» деген баппен толықтырылды.Баптың ережелері мыналарды көздейді:1.
Магнолия,
18 июня 2024
в 21:38
Әдеп дегеніміз жақсы тәрбие, адамдармен жақсы мәміледе болу, көркем мінезді, ар-ұяттылық, сыпайылық, көркемдік деген сөз. Әдеп – ешбір ұры ұрлай алмайтын құнды қазына. Әдеп – адам мен жануарды ажырататын айырмашылық. Мемлекеттік қызмет атқару қоғам мен мемлекет тарапынан ерекше сенім білдіру болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің моральдық әдептілік бейнесіне жоғары талаптар қояды. Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары қандай болуы керек, осыны тайға таңба басқандай айқындап берді.
Arna Press,
18 июня 2024
в 20:08
Жаз келді, демек той маусымы да басталды. Қазақстандық нумеролог Айсұлу Ахтимова мереке үшін қай күндерді таңдамаған дұрыс екенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Маманның айтуынша, Меркурийдің ретроградтық кезеңдеріне үйлену тойын жоспарламаңыз. Күн жүйесіндегі ең кішкентай планетаның еркелігі кезінде абай болу керек.Айсұлу Ахимова кеңес бергендей, ең алдымен, 2024 жыл кібісе жыл екенін ескеру керек.
Arna Press,
17 июня 2024
в 18:38
Қазақстанның Ішкі істер министрлігі жеке куәліктердің жаңа түрін бере бастады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Олар 2024 жылдың 15 маусымында күшіне енді, деп еске салды департамент.«Жаңа жеке куәлік қосымша деректерден тұрады: жеке куәліктің көрнекі аймағында орналасқан иесінің азаматтығы мен жынысы туралы ақпарат.
Arna Press,
14 июня 2024
в 16:58
ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Тамара Дүйсенованың төрағалығымен өткен кеңесте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру мәселелері қаралды. Оған мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері мен облыс әкімдерінің орынбасарлары қатысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жазғы лагерлердің жұмысы туралы оқу-ағарту вице-министрі Еділ Оспан баяндады.
Arna Press,
13 июня 2024
в 16:28
Құрбан айт — барлық мұсылмандар үшін басты мерекелердің бірі. Жылдағыдай, мал сатып алуға және мерекелік құрбандық шалуға рұқсат етілген арнайы орындар анықталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Биыл ветеринариялық-санитариялық ережелерді сақтау мақсатында қала шегінде уәкілетті органдармен келісім бойынша Семей қаласында мал сатып алуға және мерекелік құрбандық шалуға рұқсат етілген арнайы орындар анықталды: «Северный» СЛО, «JOLOMAN» СЛО; «Семей вет» ЖШС, «SAIKAN AGRJ» ЖШС.Халық арасында тамақтан улану мен жіті ішек инфекцияларының таралуын болдырмау мақсатында ұсынамыз:«Үйде қонақтардың қолын жууға және асханаларды желдетуге жағдай жасау ұсынылады.
Arna Press,
12 июня 2024
в 19:48
ҚР Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары Олжас Қизатов Астанадағы Қазақстан-Корей форумының аясында тағы бір банк қашан пайда болуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұған дейін президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде кореялық микроқаржы ұйымы жұмыс істеп тұрғанын айтқан болатын.
Arna Press,
12 июня 2024
в 18:38
Күн тәртібінде суға шомылу маусымында өңірдегі өзендер мен көлдерде қауіпсіз демалысты ұйымдастыру, маңызды әлеуметтік нысандар мен көлік инфрақұрылымын 2024-2025 жылдардағы қысқы кезеңге, сондай-ақ, 2025 жылғы су тасқыны кезеңіне дайындық жөніндегі шаралар қаралды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Arna Press,
12 июня 2024
в 14:08
Цифрлық құжаттардың қатары негізгі орта және жалпы орта білім туралы аттестатпен толықты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметінің мәліметінше, ол енді eGovMobile мобильді қосымшасындағы «Bilim» жаңа қызмет көрсету сервисінде қолжетімді.«Осы жылдан бастап мектеп түлектері аттестаттарын цифрлық нұсқада ала бастайды.
Arna Press,
11 июня 2024
в 18:38
Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова 2024 жылдың 11 маусымында үкіметте өткен баспасөз мәслихатында Қазақстанда ескі уақыт белдеуін қайтару туралы петиция туралы айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Журналистер Денсаулық сақтау министрлігі басшысы бұған дейін жаңа уақыт белдеуінің халық денсаулығына оң әсер ететінін мәлімдегенін еске салды.
Arna Press,
07 июня 2024
в 16:38
ҰЭМ Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну қағидаларын бекіту туралы заңға өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ауылдық елдi мекендерге жұмыс iстеуге және тұруға келген денсаулық сақтау, бiлiм беру, әлеуметтiк қамсыздандыру, мәдениет, спорт және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы мамандарға, ауылдар, кенттер, ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілеріне әлеуметтiк қолдау шараларын ұсыну мөлшері:тұрғын үй сатып алу немесе салу үшін әлеуметтік қолдау – бюджеттік кредит:Ауданның (облыстық маңызы бар қаланың) жергілікті атқарушы органы сұранысқа ие мамандықтар тізбесін тоқсан сайын келесі тоқсанның бірінші айының 10-күніне дейін бекітеді.Әлеуметтік қолдау шаралары:Сондай-ақ, ережелерге көтерме жәрдемақы беру кезінде мамандар жеке шот туралы анықтаманы ұсынуы керек.Сурет: Zakon.kz
Arna Press,
07 июня 2024
в 15:58
Қазақстанда монополияға қарсы қызмет 30 жыл бұрын құрылған және өзінің кәсіби мерекесі болмаған, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстанның монополияға қарсы қызметі 2021 жылға дейін ресми күнтізбеде өзінің кәсіби мерекесін өткізбеді. Тек 2021 жылғы 30 наурызда Үкіметтің қаулысымен мереке күндерінің тізіміне өзгерістер енгізілді.
Arna Press,
06 июня 2024
в 16:08
Дәрігерлердің ұсыныстары тұтынушыға ғана емес, өндірушіге де қатысты. Тамақ ішетін арнайы мекемелердегі тазалық пен тәртіпті қатаң сақтау керек, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысының Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап. Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлім басшысы Әйгерім Мұсатаева атап өткендей, қоғамдық тамақтану жүйесінің рөлі артып келеді, сондықтан оның эпидемиологиялық құрамдас бөлігін мұқият бақылау қажет.
Arna Press,
06 июня 2024
в 11:48
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин 2023 жылғы егістікті жайпаған шегірткелер шабуылына тоқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы вице-премьер 5 маусымда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында айтты.«Динозаврлар мен мамонттармен құрдас болып табылатын шегіртке әрдайым бізбен бірге біте-қайнасып жатады.
Arna Press,
04 июня 2024
в 16:08
Елімізде жергілікті өнімнің көлемі 15 пайызға да жетпейді. Ал өңірлер бойынша өндіріс орындарын көбейту керек. Жамбыл облысына барған Сенат депутаттары өңірдің өндіріс нысандарымен танысты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Халық қалаулылары жергілікті өнімді сыртқа шикізат қып шығаруды азайту керектігін айтты.Дегенмен депуттаттарды өнеркәсіптің дамуы бойынша облыста оң динамика қалып тастып отырғаны қуантты, деп жазады qazaqstan.tv.Бүгінде Жамбылда жалпы өнеркәсіп өндірісінің көлемі 259 млрд. теңгені құраған.Ал өңдеу өнеркәсібі саласында 588 кәсіпорын жұмыс істейді.
Arna Press,
31 мая 2024
в 21:18
2024 жылы 31 мамырда Алматыда ғалымдармен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Алайда, Президенттің айтуынша, ол үшін біз экономиканы терең трансформациялауымыз керек.
Arna Press,
31 мая 2024
в 20:18
2024 жылы 31 мамырда Алматыда жұмыс сапары кезінде ғалымдармен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстанның жарқын символы кім екенін атады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Оның айтуынша, стратегиялық бағдарымыз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға және халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған.«Еліміздің барлық азаматы, әсіресе жастар мұны жақсы түсінуі керек және реформалардан шет қалмағаны абзал.