Arna Press,
08 июля 2025
в 12:08
Абай облысының әкімі Берік Уәли «Xinjiang Huayuan Holding Group Co. Ltd» корпорациясының бас директоры Ли Цзюнь бастаған делегациямен кездесті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кездесу барысында екі жақты инвестициялық ынтымақтастықты нығайту, бірлескен жобаларды іске асыру және жаңа өндіріс алаңдарын дамыту мәселелері талқыланды.Аймақ басшысы Абай облысы делегациясының Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданына жұмыс сапары барысында нәтижелі келіссөздер жүргізіп, көптеген меморандумдарға қол қойғанын атап өтті.«Осы сапар аясында Абай облысының делегациясы Үрімші қаласындағы Сіздің кәсіпорныңызға барып, өндірістік үдерістермен және жүзеге асырылып жатқан жобалармен танысты. Қазіргі уақытта облыстың экономикалық әлеуетін арттыру үшін инвесторлармен жүйелі жұмыс жүргізіліп жатыр.
Vera.kz,
27 июня 2025
в 18:29
Alina Group құрамына кіретін AlinEX бренді кәсіпқой құрылыс-әрлеу материалдары нарығындағы көшбасшы орнын сақтап келеді. Компанияның жиынтық өндірістік қуаттары секунд сайын бір қап өнім шығаруға мүмкіндік береді. Шығарылатын тегістегіштердің жылдық көлемі Хеопс пирамидасын 1 480 рет жабуға, ал құйма едендердің жылдық көлемі 560 футбол алаңын тегістеуге жетеді. Қазақстандықтардың 10 пәтерінің 7-де жөндеу AlinEX өнімдерімен жасалған.AlinEX ассортименті 30-дан астам өнім атауын қамтиды, олардың ішінде: кәсіби тегістегіштер, сылақтар, тақта желімдері, тегістеулер, гидрооқшаулағыш материалдар және сәндік шешімдер.
Vera.kz,
16 июня 2025
в 00:09
vera.kz хабарлауынша, Оңтүстік Қазақстандағы толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы миллиардтаған қарызбен және жұмысшыларсыз қалды.Цехтарда иіру және тоқу машиналарының даусы мүлде естілмейді – жым-жырт, ал станоктардың жанында жұмыс жасап жатқан жұмысшылардың орнында – ғимарат ішін мекендеген көгершіндер. Қазіргі таңда Оңтүстіктегі толық циклді жалғыз тоқыма фабрикасы «Azala Textile»-дің көрінісі осындай.БОЛАШАҚ ПЕН АҚИҚАТФабрика 2012 жылы Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасы аясында іске қосылды.
Arna Press,
13 июня 2025
в 12:28
Абай облысының әкімі Берік Уәли жұмыс сапарымен Бесқарағай ауданына барып, туризм және ауыл шаруашылығы саласында жүзеге асырылып жатқан жаңа жобалармен танысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аймақ басшысы әуелі Глуховка ауылдық округі аумағындағы «Маклапов » жеке кәсіпкерлігінде болды.
Arna Press,
09 июня 2025
в 15:38
Берік Уәли Семейдегі халық жиі баратын демалыс орындарын аралап, аспалы көпірде жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстарының барысымен танысты, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазіргі уақытта облыс орталығының қос жағалауын байланыстырып тұрған аспалы көпірдің асфальт жабынын толық ауыстыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде.
Магнолия,
09 июня 2025
в 13:38
Әдеп кодексі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары қандай болуы керек, осыны тайға таңба басқандай айқындап берді. Осы арқылы мемлекеттік қызметшілердің моральдық-адамгершілік бейнесіне және іскерлік қасиеттеріне қойылатын талаптар жоғарылады. Ол жалпы ережелер, мінез-құлықтың жалпы стандарттары, қызметтен тыс уақыттағы мінез-құлық, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық және көпшілік алдында, оның ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары деген бес бөлімнен тұрады. Әдеп қағидаларын заңнамалық тұрғыдан бекіту жалпыға бірдей қабылданған мінез-құлық стандарттарының сақталуын қамтамасыз етеді. Әдеп кодексі мәдениеттің құрамдас бөлігі ретінде адамгершілік және мораль мәселелеріне жақын. Әдеп қағидаттары мен стандарттарының сақталуы қоғамның мемлекеттік аппаратқа деген сенімнің артуына ықпал етеді.
Nomad.su,
04 июня 2025
в 13:43
АФМ, 3 июняДепартаментом АФМ по Алматинской области разоблачена финансовая пирамида «Amanat Drive».Организаторы предлагали гражданам приобрести недвижимость и автомобили в рассрочку без уплаты процентов.Однако обязательства выполнены лишь частично, имущество предоставлялось в основном родственникам и близким знакомым подозреваемых.В результате пирамида привлекла более 8 тыс вкладчиков, сумма вложенных средств превысила 21 млрд тенге.С целью легализации преступных доходов организатором финансовой пирамиды реализована многоуровневая схема с использованием подконтрольных юридических лиц — ТОО «Алло, не керек» и ТОО «i-m@rketing», ТОО «Gold SapaPremium».Указанные компании выступали фиктивными поставщиками услуг, таких как рекламная деятельность, аналитика и прогнозирование на рынке недвижимости и транспорта.
Arna Press,
03 июня 2025
в 12:48
В Алматинской области сотрудники департамента агентства по финансовому мониторингу пресекли деятельность подозреваемой в мошенничестве финансовой пирамиды под названием «Amanat Drive», передает Arnapress.kz со ссылкой на пресс-службу АФМ.Как установлено, организаторы схемы предлагали гражданам приобретение недвижимости и автомобилей в рассрочку без процентов.
Магнолия,
29 мая 2025
в 15:28
Қазіргі заманда елімізде нашақорлыққа қарсы қылмыс ең күрделі мәселе болып табылады. Нашақорлық — қоғамды толғандыратын ең өзекті әлеуметтік мәселелердің бірі, ал ең қауіпті қылмыстардың бірі-есірткі заттарын сату. Өйткені қоғамымызда бұл зиянды затқа құмарлық танытушылар саны күн санап көбеюде. Адам денсаулығын құртып, сананы улайтын аталмаш затқа әсіресе жастар мен жас балалардың әуес болуы үлкен алаңдаушылық туғызады. «Есірткі» (наркотик) — сөзі гректің «narkotikos» сөзінен шыққан, яғни «елітетін», «мас ететін» деген мағынаны білдіреді.
Магнолия,
26 мая 2025
в 20:48
Қазақстанның құқықтық мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуында 1995 жылдың 30 тамызы – тарихи мәні зор белес. Осыдан 30 жыл бұрын жалпыхалықтық референдум нәтижесінде еліміздің қазіргі қолданыстағы Конституциясы қабылданды. Бұл – Тәуелсіз Қазақстанның жаңа саяси, құқықтық және қоғамдық негіздерін айқындаған, болашағы үшін берік бағдар сызған маңызды құжат болды.
Arna Press,
14 мая 2025
в 11:38
Семейде үлескерлерді қолдау орталығы ашылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Құрамына құқық қорғау органдарының өкілдері кірген жұмыс тобы өңірде заң бұзушылықпен салынып, сонымен бірге азаматтардың қаржыларын тұрғын үй құрылысына заңсыз тартқан құрылыс компаниялары бойынша өз ұсыныстарын айтатын болады.
Arna Press,
12 мая 2025
в 20:08
Семей қаласының Қарағайлы және Юность ықшам аудандарында саябақтар салынады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Юность» шағын ауданындағы саябақта кіші сәулет нысандарын орнату, футбол, баскетбол, балаларға арналған ойын алаңдарын салу жоспарланған.
Arna Press,
06 мая 2025
в 15:58
Қалалық мәдениет сарайында Болат Қамзиннің режиссерлігімен Шаймардан Қалиақпаровтың «Жұлдызым оңымнан туыпты» тарихи драмасының тұсаукесері өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Көрермендер қатарында қала әкімінің орынбасары Қуаныш Әбілдаев, қоғам қайраткерлері, зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары табылды.Аталған қойылым Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналды.
Arna Press,
06 мая 2025
в 15:18
Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте шалғай елді мекендер мен Алакөл жағалауындағы интернет желісімен қамту мәселесі қаралды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Саладағы атқарылған жұмыстар туралы Цифрлық технологиялар басқармасының басшысы Абзал Серікұлы баяндады.
Магнолия,
30 апреля 2025
в 18:18
«Тілсіз ұлт, тілінен айрылған ұлт дүниеде ұлт болып жасай алмақ емес, ондай ұлт құрымақ». Ақын-публицист, ағартушы Мағжан Жұмабаевтың бұл сөзі әрбір қазақтың тілге деген жанашырлығы мен құрметін оятуы керек. Қазақ тілінің мәртебесін көтеру, оның қолдану аясын кеңейту мәселелері еліміздің тәуелсіздік алған күнінен бастап көтеріліп келеді. Қазіргі уақытта республикамызда мемлекеттік тіл қолданысының дамуын табысты іске асырудың қүқықтық негіздері қалыптасып, оның дамуы мен нығаюына бағытталған біршама заңдар мен қаулылар қабылданғаны белгілі.
Arna Press,
29 апреля 2025
в 13:38
Абай облысында өңір басшысы Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық кеңес өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі әкімнің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Кеңесте балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру, спорттық және шығармашылық үйірмелерге мемлекеттік тапсырыс орналастыру, мемлекеттік басқаруда жобалық тәсілді енгізу мәселелері талқыланды. Өңірдегі сауықтыру лагерьлерінің жағдайы туралы облыстық Білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Бауыржан Төленов баяндады.«Биыл жазғы маусымда 94 мыңнан астам оқушы түрлі іс-шаралармен қамтылмақ.
Arna Press,
28 апреля 2025
в 16:48
Қазіргі таңда аталған ықшам ауданда 9 қабатты 18 кредиттік тұрғын үй салынып жатыр, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Оның он үшінің құрылысы былтыр басталған. Жыл соңына дейін пайдалануға беріледі деп жоспарланып отыр. Ал қалған 5 үйдің құрылысы жазда аяқталады.Биыл облыста жалдамалы тұрғын үйлерді сатып алуға республикалық бюджеттен 2 миллиард теңгеден астам қаржы бөлінген.
Магнолия,
22 апреля 2025
в 13:18
Болмысында ата дәстүрге берік халық – қазақ халқы болар. Іздеушісі, ізгі істі ұлықтаушы ұлы қалықтың алтын қазынасы – ана тілі. Ата қанымен, ана сүтімен бойына сіңген бұл қасиет оны биіктетіп тұрған. Ал ана тілден ардақты, ана тіліңде жеткізген ойыңнан ардақты не бар дейсің? Тек соның қадірін, қасиетін ұлықтай алдық па біз?
Arna Press,
18 апреля 2025
в 14:28
Семейде ұстаз өмір бойына бас бостандығынан айырылды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі. Оған жас балаға зорлық көрсетті деп айып тағылды.2025 жылғы 16 сәуірде Абай облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты аса ауыр қылмысқа қатысты істі жабық форматта қарап, шешім шығарды.«Айыпталушы – Семей қаласының тұрғыны Т., оған ҚР Қылмыстық кодексінің 120-бабының 4-бөлігі бойынша, яғни жас балаға күш қолдану арқылы сексуалдық сипаттағы зорлық көрсету дерегі бойынша айып тағылды.Іс материалдарына сәйкес, 2024 жылдың шілде айының соңында Т.
SportInfo,
17 апреля 2025
в 18:31
Алматыда режиссер Қанат Бейсекеевтің «Түркістанға апарар жол» фильмінің тұсаукесері өтті. Жүгірудің қазақстандықтарға ұнағаны соншалық, бүгінде олар барлық жерде — шағын ауылдардан бастап орта қалалар мен мегаполистерге дейін жүгірумен айналысады. Сонымен, Қазақстанның бай мәдени мұрасы бар ең көне қаласы – Түркістан қазіргі таңда жыл сайын күзгі Turkistan Marathon-да бастау алуда.
Магнолия,
09 апреля 2025
в 12:58
Киберқауіпсіздік не үшін қажет? Киберқауіпсіздік жеке деректер, қаржылық ақпарат және коммерциялық құпиялар сияқты құпия ақпаратты қорғау үшін өте маңызды. Ол сондай-ақ деректерді ұрлауға немесе бүлінуге әкелуі мүмкін жүйелер мен желілерге рұқсатсыз кіруді болдырмауға көмектеседі. Киберқауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін әртүрлі қорғау әдістерін қолдану қажет.
Arna Press,
09 апреля 2025
в 11:38
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің бұйрығымен Қазақстан Республикасының аумағына барлық көлік түрлерімен үшінші елдерден және Еуразиялық экономикалық одақ елдерінен тауық жұмыртқаларын әкелуге алты ай мерзімге тыйым салынды, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі ведомтсвоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Айта кету керек, тыйым Қазақстан Республикасының аумағы арқылы тауық жұмыртқаларының транзитін, сондай-ақ олардың Еуразиялық экономикалық одаққа мүше бір мемлекеттің аумағынан Еуразиялық экономикалық одаққа мүше екінші мемлекеттің аумағына Қазақстан Республикасының аумағы арқылы өтуіне қатысты қолданылмайды.Тағамдық жұмыртқа импортына уақытша тыйым көктемгі-жазғы кезеңде отандық тауар өндірушілерді қолдау мақсатында енгізілді.«Осы кезеңдерде жұмыртқаға сұраныстың төмендеуі байқалады, нарықтың қажеттіліктері өнеркәсіптік өндіріс арқасында және үй шаруашылығы өнімдерінің нарықта белсенді болуымен толығымен жабылады.
Vera.kz,
08 апреля 2025
в 14:59
Шымкенттік футболшылардың бұрынғы басшысына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды vera.kz «Ордабасы» ФК экс-президентіне қатысты қылмыстық тергеуді сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі жүргізіп жатыр. Бұл туралы Шымкент қаласы спорт басқармасының басшысы М. Мықтыбековтың ресми сауалымызға берген жауабында мәлім болды.
Arna Press,
08 апреля 2025
в 12:18
Облыс әкімі Берік Уәли Семей қаласындағы негізгі медициналық мекемелерді аралады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Аймақ басшысы облыстық жедел жәрдем ауруханасы мен №1 қалалық емхананың өзекті мәселелерімен танысты. Облыстық жедел жәрдем ауруханасы 2013 жылы «100 мектеп, 100 аурухана» мемлекеттік бағдарламасы аясында салынып, пайдалануға берілген.
Vera.kz,
05 апреля 2025
в 10:29
Украиналық легионер-Шымкент қаласындағы ең жоғары жалақы алатын ойыншылардың бірі, деп хабарлайды vera.kz«Ордабасы» футбол клубы бірнеше апта бойы ойыншылардың жоғарғы жалақысы бойынша үлкен пікірталас болып, көпшіліктің бас назарында болды. Шымкент қаласының әкімі Ғабит Сыздықбековтың жақында жасаған сыны Асхат Тағыбергеннің кетуіне алып келді, қазіргі таңда ол қостанайлық «Тоболдың» құрамында.
Магнолия,
01 апреля 2025
в 13:18
Соттардың назары алаяқтықтың міндетті белгісі кінәлі адамның пайдакүнемдік мақсатының болуы, яғни бөтен мүлікті өзінің меншігіне не оған құқықты өзінің пайдасына не басқа адамдардың пайдасына құқыққа қарсы өтеусіз айналдыруға ұмтылуы болып табылатынына аударылсын. Алаяқтық алдау немесе сенімді теріс пайдалану жолымен жасалады, олардың ықпалымен меншік иесі немесе мүліктің өзге иесі мүлікті немесе оған құқықты басқа адамдарға өз еркімен береді.
Arna Press,
01 апреля 2025
в 11:48
Orda.kz сайтындағы спорт жаңалықтары еліміздегі және әлемдегі басты апаратты жедел таратуда.Қазақстандағы жетекші ақпараттық порталдардың бірі Orda.kz спорт жаңалықтарын жедел әрі нақты таратып, оқырмандарына спорт әлеміндегі маңызды оқиғалар туралы шынайы ақпарат ұсынуда. Сайттың спорт жаңалықтарына арналған айдары – жанкүйерлер мен спортсүйер қауымы арасында жақсы қабылданды.Айта кетейік, Orda.kz порталындағы спорт жаңалықтары айдары бірқатар ерекшеліктерімен көзге түседі.
Магнолия,
31 марта 2025
в 20:48
Қызметтік өкілетті теріс (заңсыз) пайдалану — қызметтік қылмыстардың неғұрлым кең тараған түрі. Ол көптеген жағдайларда лауазымды адамның қылмыстық әрекетінің бастамасы, басқа ауыр қылмыстар жасаудың тәсілі де болып табылады. Бұл қылмыстың мәні мынада, лауазымды тұлға өзінің қызметтік өкілетін қызметтік мүддеге қарама-қайшы қылмыстық жолмен пайдалана отырып, азаматтардың немесе ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделеріне, қоғамның немесе мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделеріне елеулі түрде нұқсан келтіреді.
Магнолия,
27 марта 2025
в 14:58
Жемқорлық – мемлекеттің, қоғамның дамуына тежеу болатын, болашағына кесірін тигізетін індет. Сыбайлас жемқорлықпен күресу бүгінгі күннің күрделі мәселесі болып отыр. Сыбайлас жемқорлықпен түбегейлі күресу үшін халықтың құқықтық сауатсыздығын жоятын, құқықты түсіндіру жұмысының сапасын арттырудың маңызы зор. Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының негізі басымдықтарының бірі осы зұлымдықпен күресу болып табылады.
Arna Press,
17 марта 2025
в 17:48
Семейде Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен кеңейтілген аппараттық жиын өтті, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі облыстық әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қала және аудан әкімдері, басқарма басшылары, өңірлік департамент жетекшілері қатысқан отырыста Президенттің хаттамалық тапсырмаларының орындалу барысы қаралды.Аймақ басшысы жиында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болып, облыстың алдағы даму жоспарлары және өңірдегі қордаланған мәселелер туралы толық баяндағанын атап өтті.