Arna Press,
06 июня 2024
в 16:08
Дәрігерлердің ұсыныстары тұтынушыға ғана емес, өндірушіге де қатысты. Тамақ ішетін арнайы мекемелердегі тазалық пен тәртіпті қатаң сақтау керек, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысының Өңірлік коммуникация қызметіне сілтеме жасап. Абай облысының өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Облыстық санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бөлім басшысы Әйгерім Мұсатаева атап өткендей, қоғамдық тамақтану жүйесінің рөлі артып келеді, сондықтан оның эпидемиологиялық құрамдас бөлігін мұқият бақылау қажет.
Arna Press,
06 июня 2024
в 12:48
Үкіметтің қаулысымен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі тағайындалды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап. Бұл туралы ҚР Үкіметі баспасөз қызметі 6 маусымда мәлімдеді.«Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысымен Олжас Сейтбатталұлы Анафин еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі қызметіне тағайындалды», делінген хабарламада.Олжас Анафин:1986 жылы дүниеге келген.
Arna Press,
06 июня 2024
в 11:48
Қазақстанның бірінші, әлемнің төртінші ракеткасы Елена Рыбакина 5 маусымда Франция ашық чемпионатының (Ролан Гаррос) ширек финалында өнер көрсетті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Қазақстандық теннисші ширек финалда әлемнің 15-ракеткасы, италиялық Ясмине Паолинимен өзара бақ сынасып, күтпеген жерден жеңіліс тапты.Кездесу 2 сағат 5 минутқа созылды.
Arna Press,
06 июня 2024
в 11:48
ҚР Премьер-министрінің орынбасары Серік Жұманғарин 2023 жылғы егістікті жайпаған шегірткелер шабуылына тоқталды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы вице-премьер 5 маусымда Мәжіліс дәлізінде журналистерге берген сұқбатында айтты.«Динозаврлар мен мамонттармен құрдас болып табылатын шегіртке әрдайым бізбен бірге біте-қайнасып жатады.
Arna Press,
05 июня 2024
в 19:58
Ақсуат ауданының прокуратурасы бюджет қаражатын жұмсау кезінде заңдылықтың сақталуына талдау жүргізді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Оның барысында аудандағы оқу орындарының қызметкерлеріне 14,7 млн теңге заңсыз төленгені анықталды.Прокуратура шараларымен артық төленген сома мемлекетке қайтарылды.«Бұдан басқа, мектеп есепшілерінің бірімен 1,3 млн теңге қаражатын ұрлау фактісі анықталды.«Абай облысының прокуратурасыЕсепші мектеп директорының электронды цифрлық қолтаңбасын пайдаланып, ақшаны жеке шотына аударған.Аталған факті бойынша аудан прокуратурасы сотқа дейінгі тегеп тексеруді бастады.Сот үкімімен бұрынғы есепші ҚР ҚК 189-бабының 2-бөлігінің 3) — тармағымен (өзінің қызмет бабын пайдалана отырып, сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру) кінәлі деп танылып, 2 жыл мерзімге бас бостандығынан шектеу жазасымен қаржы ұйымдарда белгілі бір лауазымды атқару құқығынан 3 жыл мерзімге айырылды.Сурет: Zakon.kz
EKaraganda.kz,
05 июня 2024
в 17:35
Цель форума — привлечение внимания к экологическим проблемам промышленных регионов и поиск путей их решения. Организатором выступила Казахстанская Ассоциация ECOJER при поддержке Европейского Союза, через проект «Устойчивые энергетические связи в Центральной Азии (SECCA)», Министерства экологии и природных ресурсов РК и местных исполнительных органов.Программа форума включала в себя несколько различных сессий.
kapital.kz,
05 июня 2024
в 14:06
Фото: НБРКПредседателем совета директоров Казахстанской фондовой биржи (KASE) избрана Молдабекова Алия Мейрбековна. Такое решение принял совет директоров биржи, сообщает корреспондент центра деловой информации Kapital.kz со ссылкой на данные биржи.«Лицом, имеющим право замещать председателя совета директоров KASE в случае его отсутствия, избран Абдразаков Ельдар Советович – член совета директоров KASE», — указывается в сообщении.Молдабекова Алия Мейрбековна родилась 4 мая 1976 года в Алматы.
Arna Press,
04 июня 2024
в 18:18
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мысыр Парламенті Сенатының спикеріне ілтипат білдіре отырып, оның Қазақстанға жасаған сапары екіжақты парламентаралық байланысты нығайтуға тың серпін беретініне сенім білдірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Біз араб мемлекеттері арасынан, ең алдымен, Мысырмен дипломатиялық қатынас орнаттық.
Arna Press,
04 июня 2024
в 18:18
ҚР Ұлттық Банкінің статистикасына сәйкес, 2024 жылдың сәуір айында халықаралық ақша аударымдары жүйесі ХААЖ) арқылы жіберілген ақша аударымдарының жалпы көлемі 67,8 млрд теңге сомасына 209,4 мың транзакцияны құрады, деп хабаралйды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл ретте транзакциялардың жиынтық көлемі 2024 жылғы қаңтар-сәуір аралығында 759,4 мың, ал транзакциялар сомасы – 243,9 млрд теңгені құрады.
Arna Press,
03 июня 2024
в 19:28
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан нарығында бір жыл ішінде ненің қымбаттағанын және ненің арзандағанын мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ведомствоның хабарлауынша, 2024 жылғы мамырда айлық инфляция деңгейі баяулап, 0,4% құрады (ағымдағы жылғы сәуірде – 0,6%).
Arna Press,
03 июня 2024
в 11:48
Түркістан облысында фитосанитарлық бақылау бекеттерінде елге Түрікменстан мен Өзбекстаннан әкелінген залалданған қызанақ табылды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Бұл туралы 2 маусымда ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитеті мәлімдеді.«Ағымдағы жылы шет мемлекеттерден 1075 автокөлікке тиелген15637,802 тонна қызанақ өнімі импортталып, фитосанитариялық талапқа (фитосанитариялық сертификаттың болмауы, таңбаның болмауы) сәйкес келмейтін көлемі 29,522 тонна болатын8 автокөлікке тиілгенқызанақ өнімдері өз еліне кері қайтарылды», — делінген ведомство хабарламасында.Сонымен қатар, өнімнің жасырын залалдануын анықтау мақсатында, шет елден әкелінген қызанақ, баялды, тәтті бұрыш өнімдерінің әрбір партиялары тиісті карантиндік фитосанитариялық сараптамадан (ПТР) өткізілген.«Нәтижесінде,Түркіменстан Республикасына — 56,1 тонна, Өзбекстан Республикасына — 4,2 тонна қызанақ өнімдерінен«қызанақ жемісінің қоңыр қатпарлы вирусы» анықталып, өнімдерді кіргізуге тыйым сала отырып, кері қайтарылды».ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінің Агроөнеркәсіптік кешендегі мемлекеттік инспекция комитетіБұдан бөлек, жыл басынан фитосанитариялық бақылау бекеттерінде фитосанитариялық талапқа сәйкес келмейтін 497,624 тонна карантинге жатқызылған өнімдер кері қайтарылған.Сурет: pixabay
Arna Press,
31 мая 2024
в 21:18
2024 жылы 31 мамырда Алматыда ғалымдармен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан 2060 жылға қарай көміртегі бейтараптығына қол жеткізуге ниетті екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Алайда, Президенттің айтуынша, ол үшін біз экономиканы терең трансформациялауымыз керек.
Arna Press,
31 мая 2024
в 20:18
2024 жылы 31 мамырда Алматыда жұмыс сапары кезінде ғалымдармен кездескен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Қазақстанның жарқын символы кім екенін атады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Оның айтуынша, стратегиялық бағдарымыз Қазақстанның мемлекеттілігін нығайтуға және халықтың тұрмысын жақсартуға бағытталған.«Еліміздің барлық азаматы, әсіресе жастар мұны жақсы түсінуі керек және реформалардан шет қалмағаны абзал.
Arna Press,
31 мая 2024
в 15:18
ЕО-ға мүше 27 мемлекет Қазақстан мен қазақстандық әуетасымалдаушыларынан ЕО елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеуді алып тастау туралы шешім қабылдады, — деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengritravel.kz сайтына сілтеме жасап.Көлік министрлігінің баспасөз қызметі мәліметінше, ЕО-ға мүше 27 мемлекет қабылдаған комитет отырысының шешіміне сәйкес, ұшу қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі прогресті ескере отырып, Қазақстан мен қазақстандық тасымалдаушылардан Еуропалық Одақ елдеріне ұшуға қойылған барлық шектеу алып тасталған.Комитеттің бұл отырысының алдында 2009 жылдан бері жүргізілген көптеген жұмыстар, сондай-ақ ЕО сарапшыларымен 2024 жылғы ақпанда сәтті жүзеге асырылған Қазақстанның авиациялық билігінің ұшу қауіпсіздігі жүйесінің жұмысына техникалық бағалау жүргізілген.2022 жылы отандық әуекомпанияларының Еуропалық комиссияның қара тізіміне ену қаупі жоғары болған.
Arna Press,
30 мая 2024
в 17:48
Батыс Австралия университетінің ғалымдар тобы ең көп таралған жәндіктердің бірінің, «неміс» тарақанының шығу тегі туралы 250 жылдық жұмбақты шеше алды. Тарақанды «қызыл» немесе прусак деп те атайды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Австралиялық биолог Тео Эванс «неміс» тарақанының Blattella germanica атауына қарамастан, шығу тегі мүлдем Германиядан емес екенін айтты.Өз уақытында Швед биологы Карл Линней бұл түрді үлгілер жиналған жердің атымен атады.Ғалымдар жәндіктердің шығу тарихы 1200 жыл бұрын басталып, Шығыс Үндістаннан батысқа қарай жүргенін анықтады.
Arna Press,
28 мая 2024
в 18:28
Мемлекет басшысы Нидерланд Корольдігінің Премьер-министрі Марк Рюттемен кездесті, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Әңгімелесу барысында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық салалардағы ықпалдастықты кеңейту перспективалары қарастырылды.«Өзіңізбен 2015 жылы кездескен едік.
Arna Press,
27 мая 2024
в 20:28
Ғылым және жоғары білім министрлігі жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарында оқуға қабылдау квотасының мөлшеріне өзгерістер дайындады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, қазақстандық жоғары оқу орындарына квота бойынша түсетін тұлғалардың тізімі кеңейтіліп, келесілер толықтырылады:мерзімді әскери қызметке шақыру бойынша міндетті әскери қызметтің белгіленген мерзімін өтеген Қазақстан Республикасының азаматтары – 1 %;әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы, жаһандық немесе аймақтық ауқымдағы төтенше жағдайлардан зардап шеккен азаматтар – 20%.Қазіргі уақытта оның құрамына кіреді:бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер, бала кезінен мүгедектер, мүгедек балалар – 1;басқа мемлекеттердің аумағындағы ұрыс қимылдарына қатысқан ардагерлерге, жеңілдіктер бойынша Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген ардагерлерге – 0,5 %;ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын білім беру бағдарламалары бойынша оқу үшін ауыл жастары арасынан шыққан азаматтар – 35 %;Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ адамдар – 4 %;жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға, сондай-ақ кәмелеттік жасқа толғанға дейін ата-анасының қамқорлығынсыз қалған немесе ата-анасының қамқорлығынсыз қалған жастар қатарынан Қазақстан Республикасының азаматтарына – 1 %;ауыл жастары арасынан Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын өңірлерге қоныс аударатын Қазақстан Республикасының азаматтарына – 5 %;төрт және одан да көп кәмелетке толмаған балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары – 5 %;кемінде үш жыл осындай мәртебеге ие болған толық емес отбасылардың балалары – 1%;бала кезінен мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасы балалары, бірінші немесе екінші топтағы мүгедектер — 1%.Министрлікте атап өткендей, түзетулердің мақсаты – міндетті әскери қызмет өткерген және төтенше жағдайлар кезінде зардап шеккендер үшін жоғары оқу орындарына түсуге жаңа қабылдау квотасын қосу.Құжат 10 маусымға дейін қоғамдық талқылау үшін «Ашық НҚА» сайтында орналастырылған.Сурет: freepik
kapital.kz,
27 мая 2024
в 17:36
Приказом руководителя аппарата министерства финансов Республики Казахстан от 27 мая 2024 года №445-ж/қ Нурмахан Абилкасымович Адильбеков назначен заместителем председателя Комитета государственного имущества и приватизации МФ РК, сообщает пресс-служба ведомства.Адильбеков Нурмахан Абылкасымович родился 19 февраля в 1973 году в Южно-Казахстанской области.В 1994 году окончил Казахскую государственную академию управления.
Arna Press,
27 мая 2024
в 13:38
2024 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша жергілікті атқарушы органдардың рұқсатымен Қазақстан аумағында 13 733 шетел азаматы еңбек етеді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Шетел жұмыс күшін (бұдан әрі – ШЖК) тартуға рұқсаттардың арасында мынадай санаттар бар: басшылар мен олардың орынбасарлары үшін 564 рұқсат (бірінші санат), құрылымдық бөлімшелердің басшылары үшін 2 599 рұқсат (екінші санат).
Arna Press,
24 мая 2024
в 15:58
Бүгін еліміздің барлық мектебінде 2023-2024 оқу жылының аяқталуына арналған «Білімім — Отаныма» Бірыңғай сынып сағаты өтті. Сынып жетекшілері оқушылармен және ата-аналармен бірлесіп оқу жылын қорытындылады, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Абай облысы білім басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Жалпы бірыңғай тәрбие сағатына Абай облысы бойынша барлық білім алушы қатысты.
Arna Press,
23 мая 2024
в 19:58
«Жолаушылар тасымалы» АҚ Басқарма төрағасы Жәнібек Тайжанов 23 мамырда өткен брифингте Қазақстанда пойыздардың жөнелту кестесін 2025 жылы қалай өзгерту жоспарланғанын айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Журналистер пойыздардың кестесі қандай шарт бойынша жасалатынын сұрады, өйткені көптеген бағыттар бойынша қолайлы уақыт таңдалмаған.
Arna Press,
23 мая 2024
в 18:48
2024 жылы Қазақстанның үш облысында шегіртке шабуылы күтілуде. Ауыл шаруашылығы министрлігі (АШМ) зиянкестермен қалай күресетінін түсіндірді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Ауыл шаруашылығы министрлігі Агроөнеркәсіп кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитеті төрағасының міндетін атқарушы Дархан Әбдікәрімов Қазақстанда шегіртке жәндіктерінің 270-тен астам түрі мекендейтінін, оның 10-15 түрі астық, жайылымдар мен шабындықтар, көкөніс дақылдарының қауіпті зиянкестері екенін айтты.
Arna Press,
22 мая 2024
в 18:58
Қазақстанның барлық ірі қалаларында «Халық заңгері» кең ауқымды республикалық акциясы өтеді. Құқықтың барлық саласының жетекші сарапшылары тұрғындарды қызықтыратын мәселелер бойынша тегін кеңес береді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.«Халық заңгері» республикалық акциясы аясында еліміздің қалалары мен елді мекендеріндегі кез келген адам тегін заңгерлік кеңес алып, мемлекеттік органдардың өкілдерімен тікелей байланыса алады.Акция халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға және азаматтарға тегін заңгерлік көмек көрсетуге бағытталған.
Arna Press,
22 мая 2024
в 16:58
ҚР Президентінің 2024 жылғы 15 мамырдағы өкімімен сыйақы беру, гранттар тапсыру және Қазақстан Республикасы Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы Алғысын жариялау қағидаларына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, сыйақылар Әділ Қазақстанды, Қазақстан Республикасының Ұлттық жобаларын, Президенттің Қазақстан халқына жыл сайынғы жолдауларын, мемлекеттік бағдарламаларды құруға бағытталған ауқымды реформалардың іске асырылу барысын жариялауға қосқан елеулі шығармашылық үлесі үшін журналистерге берілетіні нақтыланды.Сонымен қатар, журналистерге келесі үлестері үшін сыйақылар беріледі:Сондай-ақ, қоғамдық комиссияның құрамына өзгерістер енгізілді. Қазір оны Президенттің кеңесшісі-Қазақстан Республикасы Президентінің баспасөз хатшысы басқарады.Қоғамдық комиссияның құрамын жыл сайын Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі – Президентінің баспасөз хатшысы бекітеді. Қоғамдық комиссияның құрамына бұқаралық ақпарат құралдарының, шығармашылық одақтардың, журналистердің қоғамдық бірлестіктерінің және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері кіреді.Бұған дейін бұл жұмыс Президенттің баспасөз қызметіне жетекшілік ететін ҚР Президенті Әкімшілігінің Басшысына жүктелген болатын.Жоғарыда аталған өкіммен бекітілген диплом мен сыйлық лауреатының төсбелгісінің, грант иегері куәлігінің және ҚР Президентінің бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы алғысының сипаттамалары толықтырылды:Сурет: primerminister.kz
kapital.kz,
22 мая 2024
в 14:46
Фото: Руслан ПряниковRanking.kz сараптамалық агенттігі Jusan Bank-ті реттеуші стандарттарынан бірнеше есе асып түсетін республиканың екінші деңгейлі ірі банктері арасында меншікті капитал жеткіліктілігінің ең жоғары деңгейі бар қаржы институты деп атады.2024 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстан Республикасының банктік секторы 21 банкпен ұсынылған. Қазақстан Республикасының қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі атап өткендей, банк секторының жеткілікті капитал қоры бар, бұл ЕДБ қаржылық орнықтылығына оң әсерін тигізіп жатыр.Осылайша, ағымдағы жылдың наурыз айында ҚР ЕДБ реттегіш меншікті капиталы 8,1 трлн тг құрады — бұл өткен жылдың бастапқы кезеңімен салыстырғанда 27,7%-ға көбірек.
kapital.kz,
22 мая 2024
в 10:56
Фото: Руслан ПряниковЖителям Актау необоснованно начисляли коммунальные платежи за тепловодоснабжение, сообщает пресс-служба прокуратуры Мангистауской области. «Прокуратурой области проведен анализ деятельности субъектов монополии на предмет соблюдения действующего законодательства. В ходе анализа выявлены факты необоснованного начисления жителям города со стороны КГП «Каспий жылу, су арнасы» коммунальных платежей за услуги тепловодоснабжения.
Arna Press,
21 мая 2024
в 21:18
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа «Цифрлық теңге» жобасының іске асырылу барысы және цифрландыру мәселесіне қатысты маңызды бастамалар жайында ақпарат берілді, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Атап айтқанда, 2023 жылы қаржы нарығына қатысушылармен бірлесіп, Open API платформасы мен Қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі антифрод-орталығы пилоттық режимде іске қосылды.Ақорданың хабарлауынша, Мемлекет басшысы әлемдегі геосаяси тұрақсыздыққа, жоғары инфляцияға және жаһандық сауданың төмендеуіне қарамастан, былтыр жалпы Қазақстан үшін жақсы жыл болғанын атап өтті.
Arna Press,
21 мая 2024
в 20:08
2024 жылдың басынан бастап көпбалалы отбасылар 156 млрд теңгеден астам сомаға жәрдемақы алды, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Zakon.kz сайтына сілтеме жасап.Жыл басынан бері көпбалалы отбасыларға берілетін мемлекеттік жәрдемақымен орта есеппен 579,8 мың отбасы жалпы сомасы 156,2 млрд теңге мөлшерінде қамтылды, оның ішінде сәуір айында 587,2 мың отбасыға 39,6 млрд теңге мөлшерінде жәрдемақы төленді.Бұл мемлекеттік жәрдемақыға 4 және одан да көп бірге тұратын кәмелетке толмаған немесе 23 жасқа дейінгі күндізгі бөлімде оқитын студент балалары бар отбасылар табысына қарамастан үміткер бола алады.Төлем мөлшері бала санына қарай есептеліп төленеді және 2024 жылы:«2024 жылғы 1 қаңтардан бастап балалы отбасыларға тағайындалатын мемлекеттік жәрдемақылардың мөлшері 7%-ға артқанын атап өтеміз.
kapital.kz,
21 мая 2024
в 19:56
Фото: пресс-служба АкордыГлава государства принял акима Мангистауской области Нурдаулета Килыбая, сообщает пресс-служба Акорды. В ходе встречи президент Касым-Жомарт Токаев поставил перед новым акимом Мангистауской области Нурдаулетом Килыбаем ряд актуальных задач:Глава государства отметил важность комплексных мер по модернизации коммунальной инфраструктуры.
Arna Press,
21 мая 2024
в 14:08
Қазақстандық мектеп оқушылары жазда қалай және қайда демалады? Бұл туралы оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев айтты, деп хабарлайды Arnapress.kz тілшісі Tengrinews.kz сайтына сілтеме жасап.Үкімет отырысында министрдің айтуынша, елімізде 2,9 миллион бала жазғы демалысын 10 743 демалыс орнында өткізеді.«Оның ішінде 10 мың бала жыл бойы жұмыс істейтін сауықтыру орталықтарында, 240 мың бала қала маңындағы, 2,6 миллион бала мектеп қабырғасындағы, 75 мың бала шатыр мен киіз үй лагерінде демалады», — деді Ғани Бейсембаев.182 демалыс орнының 150-і 1-10 маусым аралығында жұмыс істейді. Қалған 32 демалыс орны 15 маусымда жұмысын бастайды.Сурет: depositphotos.com